- Басты
- Ақтөбе облысында құны 2,1 млрд теңге тұратын ет комбинаты салынуда
Ақтөбе облысында құны 2,1 млрд теңге тұратын ет комбинаты салынуда

Жергілікті мал шаруашылығы иелері шикізат базасын нығайтуда, етті өңдеу желісін іске қосып, экспорттық әлеуетті арттыруда.
Алғы ауданында аймақтағы ірі қожалықтардың бірі «АқТеп» жұмыс істейді. Оның мал семірту алаңы 10 мың ірі қара мал басына есептелген. Бүгінгі таңда мұнда 3,5 мыңға жуық сиыр семіртілуде. Қожалықтың өзінің жайылымы, 40 мың гектар жерді алып жатқан пішен ору алаңы, құрама жем зауыты бар, сонымен қатар қара шөп дайындау бойынша зәкірлі серіктестер желісі құрылған.
2015 жылдың сәуір ауында «АқТеп» қожалығында ет өңдеу комбинатының құрылысы басталды.
«Құны екі миллиард теңгеден асатын кешеннің құрылысы 2015 жылдың қараша айында аяқталады. Жылына 7,2 мың тонна сиыр етін өңдеу көзделуде. Өнімнің 40 пайызы экспортталса, қалған 60 пайызы ішкі нарықтың қажеттілігін жабады», деді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрбол Аймағамбетов.
Күтіліп отырғандай сағатына 15 бас ірі қара мал сойылады. Сонынан соң неміс технологиясы бойынша мұздатылып қазақстандық және ресейлік сауда нүктелеріне жіберіледі.
-
Тәуелсіздік құрдасы: Мүмкіндіктер елінде туғанымды мақтан етем
«100 жаңа есім» жобасының алғашқы кезеңіндегі жеңімпаздардың бірі жас кәсіпкер Арман Тосқанбаев Тәуелсіздіктің түйдей құрдасы. Strategy2050.kz АА берген сұхбатында елі мен өзінің жетістігімен бөлісті.
13 Желтоқсан 2019, 18:04
-
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемді таң қалдыратын жетістіктерге жетті – елші
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо айтулы мерекемен құттықтады.
13 Желтоқсан 2019, 17:16
-
Сенатта қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды
Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
13 Желтоқсан 2019, 11:24
-
Қ.Тоқаев мемлекеттік наградаларды табыстады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстады,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
12 Желтоқсан 2019, 15:05
-
Мәжіліс бірінші оқылымда көші-қон процестерін реттеу бойынша Заң жобасын мақұлдады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарап, оны бірінші оқылымда мақұлдады.
11 Желтоқсан 2019, 14:49
-
Қызылорда облысында 27 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы атанды
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 27 422 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 490 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 109-ы немесе 64% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
10 Желтоқсан 2019, 15:31
-
Н. Нығматулин: Шахмат – спортта дұрыс қадам жасауға үйретеді
Мәжілісте түрлі жас санаттары бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы өтті.
10 Желтоқсан 2019, 14:26
-
Үкімет сағатында АӘК жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру талқыланды
Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның басшылығымен кезекті Үкімет сағаты өтіп, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жаңа тәсілдері, оны іске асыру тетіктері, аталған салада орын алған проблемаларды және оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
09 Желтоқсан 2019, 17:55
-
Елордада "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерлері марапатталды
Елордада "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерлері марапатталды. Әр сала бойынша жіктелген 10 номинация шеңберінде жастарға құрмет көрсетілді. Биыл сыйлыққа үміткерлерден 250-ден астам құжат келіп түскен, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Желтоқсан 2019, 16:36
-
Педагогикалық мамандықты таңдағандардың 70%-ы ҰБТ-дан төмен балл алғандар - А.Аймағамбетов
Ел астанасында өтіп жатқан "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері" атты ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық мамандықты таңдаған түлектердің 70%-ы ұлттық бірыңғай тесттен төмен балл алғанын айтып, мамандық пен оқушылардың болашағына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Желтоқсан 2019, 15:45
-
Омск қаласында «Қазақфильмнің» туындылары көрсетіледі
2019 жылдың 16 желтоқсан күні Омск қаласының «Вавилон» кино орталығында Қазақстан киносы фестивалі аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ туындылары – Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» және режиссер Адай Әбілдиновтың «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі. Бұл көрсетілімдерге Омск қаласындағы ҚР Бас консулы және басқа да құрметті қонақтар шақырылған.
09 Желтоқсан 2019, 12:36
-
АШМ несиелік серіктестіктерінен шығу тәртібін жеңілдетті
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлердің өтініші бойынша несиелік серіктестіктеріне кіру және шығу рәсімдерін барынша қарапайым ету үшін заңнаманы өзгертті.
09 Желтоқсан 2019, 11:12
-
Д.Назарбаева: Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі
Елордада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай республикалық конференция өтіп жатыр. Конференцияға қатысып, мәслихат депутаттарын аталмыш мерейтоймен құттықтаған Сенат төрағасы Дариға Назарбаева келер жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:51
-
А.Мұхамбетов: Нан бағасын ұстап тұру үшін қосымша қаржы бөлінді
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:29
-
Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім гранттарын бөлетін болады
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.
05 Желтоқсан 2019, 09:23
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды