- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Қытай темір жолдарының жетекшілері көліктік-логистикалық жүйе мәселелерін талқылады
Қазақстан және Қытай темір жолдарының жетекшілері көліктік-логистикалық жүйе мәселелерін талқылады
Кездесу барысында «Қытай темір жолы» корпорациясының бас директоры Шэн Гуанцзу мен компания президенті Асқар Мамин кездесіп, темір жолдың көліктік-логистикалық саласындағы серіктестік аясын кеңейту жайын талқылады.
Кездесу барысында тараптар ҚР мен ҚХР арасындағы темір жол әкімшіліктерінің екі ел Мемлекет басшыларының қолдауымен «Жібек жолы –экономикалық белдеуі» бағдарламасын белсенді жүзеге асырып, мұнда негізгі басымдық Еуразиялық аймақта біздің көліктік-логистикалық желімізді пайдаланып, тасымалдаудың сауда қатынасындағы ролі зор екендігін атап өтті.
Тараптар екі ел арасындағы тасымалдаудың жайына назар аударды. 2015 жылғы бес айда ҚР мен ҚХР арасында тасымалдау көлемі артып, темір жентегі, көмір, ферроқорытпа тасу бәселестікке төзімді болса, контейнерлік жүктерді Азия-Еуропа және кері қарай, Парсы шығанағы елдері, Индия, Ресей, Түркия мен Иранға қарай географиялық ауқымын кеңейту жайы талқыланды.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай көліктік-логистикалық желіні дамытуға белсенді кіріскен. Оның ішінде шекаралық станциялардың қуатын арттыру, құрғақ порт құрып, соның негізінде логистикалық тізбек жасақтау, жүк ағындарының дистрибуциялық орталықтарына жинақтау көзделеді.
Сол күні Цзянцу провинциясының губернаторы Ли Сюеюн мен кездесу барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
Ляньюньган портының ғажайып мүмкіндіктері саралана келе, онда Қазақстан бағдарына жіберілетін жүктерді жинақтап, оны Орта Азия, Парсы шығанағы, Түркия, Еуропаға бағыттау үшін, Ляньюньган қаласынан ШЫҰ логистикалық аймағын жасақтауға белсенді кірісу туралы пікірлер айтылды.
Сонымен қатар жобаны жүзеге асыруда «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА дамыту жайы да қарастырылды.
Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай терминалы 2015 жылы 250 мың ДФЭ өңдеуді жоспарлап отыр. ШЫҰ аясында логистикалық орталық құру арқылы құрылым жылына 2 миллион ДФЭ өңдеуге мүмкіндік алады.
2015 жылғы бес айда Ляньюньган портынан Алтынкөл\Достық бағдарына 141 контейнерлік пойыз жөнелтілген.
Асқар Мамин Шаньси провинциясының губернаторы Лоу Циньцзянмен кездесуі барысында тараптардың көліктік –логистикалық саладағы серіктестік аясы әлеуетінің молдығы, бірлескен кәсіпорынды, мультимодальдық экспорттық –импорттық, транзиттік тасымалдауды барлық жағынан қолдау қажеттігі айтылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы