- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға қарсы Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағыны екі есеге өсуі тиіс - ҚТЖ
2020 жылға қарсы Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағыны екі есеге өсуі тиіс - ҚТЖ
Талқылауға мемлекеттік органдар, даму институттары, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері қатысты.
Семинарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев көліктік-логистикалық саланы жасақтаудың мемлекеттік сипат алып отырғаны оны ғаламдық деңгейге көтеру қажеттігін әңгімеледі.
Мемлекет басшысының бастамашылығымен басталған «Жаңа Жібек жолы» ғаламдық жобасын жүзеге асыру жобасы бойынша, 2020 жылдары Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағыны екі есеге дейін артып болашақта 50 миллион тоннаға дейін жеткізілетін болады»,-деп атап өтті Б. Камалиев.
Б. Камалиевтің айтуынша, индустриялық-инновациялық дамуды жүзеге асыру мәселесінде ҚТЖ жылжымалы құрам мен металлургия өнімдерінен: тепловоздар, электровоздар, жүк және жолаушылар вагондары, рельстер, бағыттауыш бұрмалар, тұтас құйма доңғалақтар, ірі вагон құймаларын шығарады.
Оның айтуынша, екінші бесжылдықтағы Индустрияландыру бағдарламасы бойынша жылжымалы құрамдарды кезең -кезеңімен алмастыру, көп салалы кешенді машина құрастыру саласын түрлендірумен жалғасады. Осыған орай машина құрастыру саласында еңбек етіп жатқан отандық және шетелдік компаниялар қолдау табады.
Темір жол машинасын жасау саласындағы қазақстандық үлесті өсіру, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы пікірлерін Инвестициялар және даму министрлігінің индустрияны дамыту мен өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Қанат Байытов, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ қолдау орталығының директоры Гүлнәр Бексаринова, «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» орталығы директорының орынбасары Олжас Біләлов, «KaznexInvest» экспорт және инвестициялары Ұлттық агенттігі» АҚ басқарушы директоры Расул Қизатов ортаға салды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар