• Басты
  • Журналистер арасында өтетін «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды
26 Маусым, 2015 08:54

Журналистер арасында өтетін «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада Журналистердің кәсіби меркелерінің қарсаңында Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Журналистер арасында өтетін «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Қазақстанда мемлекеттің тұрақты дамуының, баянды экономикалық өсудің, Елбасының дана саясатының арқасында бүгінгі күні заманауи, техникалық жабдықталған, бәсекеге қабілетті медиялық кеңістік қалыптасты және біздің мемлекетіміздің мақсаты биік жоспарларын іске асыру тек БАҚ-тың белсенді қатысуымен ғана мүмкін. «Нұр Отан» партиясы бүгін де, ертең де Қазақстандағы ақпараттық саланың дамуын ынталандыруға, журналистің кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жағдай туғызуға  ниетті, - деп атап өтті  Б.Байбек.

Байқау 2010 жылдан бері Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында өткізіліп келеді, биылғы жылы «Нұр Сұңқарды» табыс етудің  VI рәсімі ұйымдастырылды. Осы өткізілген жылдарда «Нұр Сұңқар» өзін журналистік шеберлікті танытуға арналған алаң ретінде көрсете білді және отандық масс-медиа өкілдерінің зор қызығушылығын туғызды.  

Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты: «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сарсенов, республикалық және өңірлік БАҚ-тың бас редакторлары мен журналистері, баспасөз-хатшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен ҚР Парламентінің депутаттары – «Нұр Отан» фракциясының мүшелері.

«Нұр Сұңқар» сыйлығын «Медиа-профи» аталымы бойынша «BAQ.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Серғали Балажан иеленді.31 телеарнасының  «Информбюро» Ақпараттар қызметінің астаналық филиалының шеф-редакторы Гүлбану Аюповаға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік материалдар үшін»  аталымындағы «Нұр Сұңқар» сыйлығы табыс етілді.  

«Нұр Сұңқар» сыйлығын «Қоғам үні» - үздік радиожурналист аталымы бойынша Қазақ радиосының «Қайырлы таң» бағдарламасының бас редакторы Құралай Жұмаханова иеленді.

«ORDA FM» радиосының директоры Азамат Исаев  «Қоғам үні» - ең үздік радио журналисі аталымындағы «Нұр Сұңқар» сыйлығының лауреаты болды.Атырау облысындағы «Мұнайлы Астана» газетінің бас редакторы Смадияр Құттыгерей «Нұр Сұңқар» сыйлығын «Аймақ айнасы» - үздік өңірлік тілші  аталымы бойынша иеленді.
Белгілі қазақстандық блогер Тимур Кубеков «Көзқарас» аталымындағы «Нұр Сұңқар» сыйлығының лауреаты атанды.

«Астана» телеарнасының Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Ирина Якунина «Партия қызметі туралы үздік материалы үшін» аталымы бойынша «Нұр Сұңқар» сыйлығының лауреаты атанды.

Сондай-ақ, салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және даму министрлігінің  атынан «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерін табыс ету салтанатының рәсімі өтті. 

Индира Қауметова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды