- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев НАТО Парламенттік Ассамблеясының делегациясын қабылдады
Қ.Тоқаев НАТО Парламенттік Ассамблеясының делегациясын қабылдады
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев НАТО Парламенттік Ассамблеясы Қауіпсіздіктің азаматтық өлшемі жөніндегі комитетінің төрағасы Виталино Канаш бастаған делегациясымен кездесті. НАТО ПА делегациясының құрамына Португалия, Франция, Польша, Ұлыбритания, Грекия, Италия және Латвия депутаттары енді.
Кездесуді ашқан Қ.Тоқаев Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында НАТО-мен ынтымақтастыққа зор мән береді, деп атап өтті. Төраға Қазақстан Парламенті НАТО Парламенттік Ассамблея қызметіне байқаушы ретінде қатысатынын және оның жыл сайынғы сессиясына тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталды. Ол сондай-ақ 2009 жылы Астанада НАТО ПА-мен бірлесе отырып, Еуроатлантика қауіпсіздігі, оған қоса Ауғанстан және Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Роуз-Рот семинары табысты өткенін еске салды.
Қ.Тоқаев Президент Н.Назарбаевтың еліміздің жан-жақты жаңғыртуға бағытталған бес институттық реформасы, сондай-ақ қазақстандық парламентаризмнің дамуы мен Сенат қызметі туралы айтты.
Өз кезегінде В.Канаш Қазақстан НАТО ПА-ның Орталық Азиядағы ең жақын әріптесі екенін, сондықтан ұйым қазақстандық парламентшілермен байланысты одан әрі нығайтуға ниеттеніп отырғанын атап өтті. Француз сенаторы Жоэль Гаррио-Мейлам Франция Сенатының Төрағасының сәлемін жеткізіп, бейбітшілікті нығайту жолында парламентаралық үнқатысу мен парламенттік дипломатияның маңызы туралы пікір білдірді. Ол аумақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалады. Францияның басқа депутаты Жан-Мишель Вийом Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі және Украинадағы шиеленіскен жағдайды реттеудегі Қазақстанның рөлін ерекше бөліп айтты.
Кездесу барысында Еуропадағы босқындар, терроризм және экстремизммен күрес, халықаралық парламенттік ұйымдар мәселелері бойынша пікір алмасылды.
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Парламенттік сайлау – 2021: 6 саяси партияның дайындығы қалай -
Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады -
М.Әшімбаев: Парламент өткен сессияда 98 заң қабылдады
-
Тоқаев бейнебайланыс арқылы Тимур Құлыбаевты қабылдады -
Сенатор: Жаңа заңда дәрі тасымалдауға қатысты қатайту шаралары көзделіп отыр -
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады -
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады -
Сенаторлар парламенттік оппозиция мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады -
Қ.Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады