- Басты
- Жаңалықтар
- Ауғанстан, Непал және Түркия әскери қызметшілері алғаш рет «Дала қыраны - 2015» халықаралық оқу-жаттығуына қатысты
Ауғанстан, Непал және Түркия әскери қызметшілері алғаш рет «Дала қыраны - 2015» халықаралық оқу-жаттығуына қатысты
«Өткен жылы қазақстандық делегация бітімгершілік даярлық бойынша Непалдағы Бирендр оқу-жаттығу орталығында болып қайтты. Непалда болған кезде ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері Бирендр бітімгершілік оқу-жаттығу орталығының құрылу тарихымен, оның мақсаттары және міндеттерімен, оқыту бағдарламаларымен танысты, Непал ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Прадип Бикрам және бітімгершілік операциялар жөніндегі департамент бастығы бригадалық генерал Пияр Джан Тапамен кездесті. Болашақта біздің мемлекеттер арасындағы әскери ынтымақтастық дамиды деп ойлаймын», - деді Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы Қарулы Күштерінің өкілі подполковник Шах Навильдра.
Қазбриг, Қазбат 1 және Қазбат 2 әскери қызметшілері бірінші аптада симуляторларда шешім қабылдау әскери үдерісін оқып-үйренді. Бітімгершілік операцияларға оқып-үйрету үшін командалық-штабтық оқу-жаттығулардың белсенді фазасы JCATS компьютерлік бағдарламасы қолданыла отырып сүйемелденді. Одан басқа, Қазбриг пен Қазбат 2 штабтары халықаралық қатысушылармен күшейтілді.
Екінші кезеңде жеті мемлекеттің әскери қызметшісі қатысты. Атап айтқанда, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Ауғанстан, Непал, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түркия. Ауғанстан, Непал және Түркия әскери қызметшілері бұл оқу-жаттығуға алғаш рет қатысып отырғанын айта кету қажет.
Оқу-жаттығу барысында БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларын өткізу барысында Қазбриг және Қазбат штабы жұмысының практикалық дағдылары жетілдірілді, әскери-азаматттық өзара іс-қимыл, тарату, күреске қарсы тараптарды қарусыздандыру және ымыраға келтіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау кезінде бөлімшелерді басқару және бақылауда машықтары арттырылды. Одан басқа, «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасының қатысушы елдерімен қазақстандық бітімгершілік бригадасының жедел үйлесімділігі шыңдалды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы