• Басты
  • Сенат бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялады
25 Маусым, 2015 17:41

Сенат бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялады

Парламент Сенатының Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен отырысында сенаторлар бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялады, дееп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі
Сенат бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялады

Атап айтқанда, олар: Каспий теңізінің Қазақстан мен Түрікменстан арасында шектесетін түбін бөлу туралы келісім, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы үкіметаралық келісім, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері инженерлік әскерлерінің гуманитарлық минасыздандыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісім, Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы үкіметаралық келісім болатын.

Сенаторлар Азаматтық процестік кодексінің жобасын бірінші оқылымда  қараған кезде қызу пікірсайыс туындады. Құжат Құқықтық саясат тұжырымдамасын және Судьялардың VІ съезінде Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мақсатында әзірленген болатын. Істі сот талқылауына дайындау кезеңінде ауқымды мәселелерді шешу көзделіп отыр. Олар: дәлелдемелерді ұсыну, талаптың нысанасы мен негіздемесін өзгерту, қарсы талап беру, алдын ала сот отырысын өткізу болатын. Осыларға байланысты істі дайындаудың мерзімдері ұзартылды. Дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібіне, сотта татуласу рәсімдеріне назар аударылған.

«Сот медиациясы және партисипативтік рәсім енгізіледі. Партисипативтік рәсім кезінде кәсіби өкіл-адвокаттардың рөлі жандана түседі, тараптардың татуласуына кедергі келтіретін, ісіне ыждағатсыз қарайтын адвокаттардың қызметіне тыйым салынады. Міндетті түрде жоғары заң білімі бар басқа адамдардың өкіл ретінде сотта қатысуы туралы ережелер сақталады», - делінген хабарламада.

Процеске қатысатын адамдардың міндеттерді орындалмағаны, құқықтарын асыра пайдаланғаны үшін құқықтық салдар регламенттелген. Ерекше іс жүргізуде баланы қайтару туралы, балаға қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы, кәмелетке толған баланы толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы және басқа да арыздарды қарау туралы бөлімдер әзірленді. Процестің бастапқы кезеңдерінде сот актілерін тексеруге құқықтардың іске асырылуына жағдай жасау үшін шағымдану мерзімі 15 күннен 1 айға дейін ұзартылды.

Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасымен кейбір істер санаттары бойынша дауларды реттеудің сотқа дейінгі міндетті тәртібі белгіленеді. «Адвокаттық қызмет туралы» және «Нотариат туралы» Заңдарға татуласу рәсімдері бойынша өзгерістер енгізіледі. Бұдан басқа, нотариустарға атқарушылық жазбалар жасау құқығы беріледі. «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) енгізілетін өзгерістер тараптардың татуласуы кезінде мемлекеттік бажды қайтаруға байланысты. Кодекс жобасында инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі соттардың мамандануын белгілеу инвестициялауды жүзеге асыратын адамдарды саралау өлшемшарттарын заңнамалық бекітуді талап етеді, бұл инвестициялық даулар бойынша соттылықты белгілеу кезінде анықтаушы фактор болады. Заңнаманы Кодекс жобасына сәйкес келтіру мақсатында 18 заңнамалық актіге өзгерістер енгізіледі. Бұл мәселе бойынша сенаторлар Д.Құсдәулетов, Қ.Айтаханов, Б.Әйтімова, Л.Полторабатько, Б.Бекназаров, С.Ақылбай сөз сөйледі. Жан-жақты талқылағаннан кейін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды