- Басты
- Жаңалықтар
- ҰКП ЕАЭО аясында ықпалдасқан бақылау жүргізуді ұсынды
ҰКП ЕАЭО аясында ықпалдасқан бақылау жүргізуді ұсынды
«Біздіңше, кедендік бақылаудың жоқтығынан «көлеңкелі» тауар айналымы өсіп отыр. Бірыңғай аймақ аясында нарық субъектілері мен жекелген тұлғалар кедергісіз тауар алып өтуге болатындығына көз жеткізді, ал рубльдің девальвациялануы кезінде мұндай әрекеттер Қазақстан аймағында өте тиімді, өйткені, қосымша құн салығы төленбейді. Бұған қоса, еліміздің аймағына қауіпсіздік талаптарына және жалпыға бірдей ұлттық техникалық регламенттерге сай келмейтін тауарлар көптеп келуде. Қазір сапасыз тауарлардың салдарынан тұтынушылардың өмірлеріне қауіп туып отыр. Осыған байланысты, біз Үкіметті аталған жағдайдан, сонымен қатар сапасыз өнімдерді бақылаудың әлсіз болып тұрғандығынан хабардар еттік. Осы кезде біз Қазақстан-Ресей және Қазақстан-Қырғызстан шекараларының бойындағы тауар айналымына ықпалдасқан бақылау орнатуды ұсынып отырмыз. Өйткені, Қырғызстан 1-шілдеден бастап, ЕАЭО-тың толыққанды мүшесі болады. Біз сонымен қатар санитарлық, кедендік, фитосанитарлық бақылауды да алып тастадық»,-деді Р.Ошақбаев.
Оның сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы заңнама аталған бақылауларды жүзеге асыруға толықтай мүмкіндік береді.
«Ветеринария, техникалық реттеу, санитарлық-эпидемиологиялық салалардағы сияқты ұлттық құзырдағы принципті нормалар бар, олар әрине, ұлттық заңнама негізінде шешіледі. Сондықтан, біз айтып отырған мәселеде ешқандай да кедергі жоқ, оның үстіне біз Премьер-Министрден де оңды жауап алдық. Мемлекеттік комиссияның өзінде контрафактілік өнімдерді бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы шешім қабылданды. Осы комиссияның аясында біздің ұсыныстарымыз қаралып, олар жүзеге асырылатын уақыт та келеді деген үміттеміз»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мәжілісі өтті және оған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен осы Президиумның төрағасы Тимур Құлыбаев және бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысына қатысты кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы, мемлекеттік сатып алумен байланысты заңнамаларға өзгерістер енгізу сияқты өзге де негізгі деген мәселелер қаралды
Анар Тәңірқұлова
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика