- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі қызметінің қорытындысы туралы айтып берді
Г.Әбдіқалықова ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі қызметінің қорытындысы туралы айтып берді
«ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі өзі қызмет еткен жылдарда қоғамдық сала мен басқару шешімдерін қабылдауда біршама жетістіктерге қол жеткізді. Біріншіден, этносаясат саласында жүйеленген терминологиялық база жаңартылды, қоғам мен саяси ортада ұлттың саяси және азаматтық категория ретіндегі түсінігі орнықты. Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының рөлі мен табиғаты ғылыми тұрғыда бағасын алды. Этникааралық қарым-қатынастарды қоса алғанда, қазір кеңестің қызметінің жыл сайын мониторингі жүргізіліп тұрады»,-деді Мемлекеттік хатшы.
Үшіншіден, оның сөзінше, ҚХА-ның басқарушылық тәжірибенің өзекті бағыттары бойынша мемлекеттік органдармен, нақтырақ айтқанда, Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Сыртқы істер министрлігі сияқты органдармен жүйелі байланысы қалыптасты. Бұған қоса, мәжілісте ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің 4-ші институционалды реформаны жүзеге асыру барысында атқарылуы тиіс міндеттері талқыланды. Аталғандармен қоса, отырыста қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы зерттеулер, ҚХА жылының ғылыми-сараптамалық сүйемелденуі сияқты өзге де ұйымдастырумен байланысты мәселелер талқыланды. Кездесуде әлеуметтік ғылымдардың жекелеген рөліне байланысты жәйттер сөз болды.
«Ұлттың бірыңғай болашағы бағдарламасын жүзегге асырудың бағыттарының бірі Қазақстанда әлеуметтік ғылымдарды дамыту жоспары болады. Осы ретте ғылыми орта мен ҚХА үшін 100 нақты қадамды жүзеге асыру аясында бірқатар міндеттерді нақтылап алу керек. Осы ретте түрлі әлеуметтік топтардың назарына «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясын жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып табылады»,-деді Мемлекеттік хатшы.
Индира Кауметова
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері