- Басты
- Жаңалықтар
- «Даму» қоры 13,7 мың қарыз алушының жалпы сомасы 875 млрд теңге болатын несиелеріне қолдау көрсетті
«Даму» қоры 13,7 мың қарыз алушының жалпы сомасы 875 млрд теңге болатын несиелеріне қолдау көрсетті
Айта кетерлік жайт, Қор осымен 18 жыл қатарынан шағын және орта бизнеске қолдау көрсетумен айналысып келеді. Қор қаржы институттарында қары орналастыру арқылы шамамен 20 бағдарламаны жүзеге асырып келеді, олардың аясында несиелеу, лизинг пен микронесиелеу құралдары пайдаланылуда.
Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасымен Қайта өңдеу саласындағы ШОБ қолдау көрсету бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 2014 жылдың сәуір айында 100 млрд теңге (1-ші транш) бөлінді. «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» жалпыұлттық жоспары аясында 2014 жылы желтоқсан айында 50 млрд теңге (2-ші транш), ағымдағы жылдың наурыз айында 50 млрд теңге (3-ші транш) берілді.
Қордан хабарланғандай, аталған қомақты қаржыға кәсіпкерлердің жобалары қаржыландырылады. Олар жылына 6% сыйақымен несие алуларына болады. Екіншіден несие көлемі 1 млрд 850 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Үшіншіден несие мерзімі 10 жылға дейін болады.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 157 млрд теңгеден астам қаржыға 825 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 1-ші транш есебінен 105,7 млрд теңгеге 497 жоба, 2-ші траншқа жалпы сомасы 40,8 млрд теңгеге 229 жоба, 3-ші транш есебінен 10,6 млрд теңгеге 99 жоба қаржыландырылды.
Қаржыландыру бағдарламасымен еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалалары жаппай қамтылды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы