- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев: ҚР мен ҚХР-дың өзара қатынасы жаңа деңгейге көтерілді
Б.Сағынтаев: ҚР мен ҚХР-дың өзара қатынасы жаңа деңгейге көтерілді
«Қытай қашанда біздің сыртқы саясатымыздағы ең маңызды басымдықтарымыздың бірі болып келді және бола бермек. Екі ел арасындағы өзара қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, жан-жақты стратегиялық сипатқа ие болды. Біздің ортақ жетістігіміздің кепілі жоғары деңгейдегі саяси диалог болды», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев кездесу басында.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы үйлесімді бірін бірі толықтырып, екі елдің өзара тиімді әріптестігіне жаңа перспективалар ашады.
Келіссөздер барысында тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылады. Атап айтқанда, өндірістік қуаттарды ҚХР-дан Қазақстанға көшіру, ауқымды көлік жобалары аясындағы іс-қимыл, трансшекаралық су ресурстарын пайдалану, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Қытайға дәстүрлі қазақстандық өнімдер экспортын (мыс, феррохром, темір кенді түйіршіктер, болат прокаты және т.б.) ұлғайту мәселелері қаралды.
Қытайдың шығыс және оңтүстік-шығыс провинцияларының жоғары экономикалық және инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ ШҰАӨ-нің экономикалық маңыздылығы артып келе жатқанын ескере отырып, Қазақстан ҚР мен ҚХР Өңіраралық ынтымақтастық форумын құруды ұсынады.
Бақытжан Сағынтаев пен Чжан Гаоли мәдени-гуманитарлық салада, студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен алмасуда екі ел арасындағы ынтымақтастық нығая түскеніне тоқталды. Қазіргі таңда Қытайдың жоғары оқу орындарында 12 мыңға жуық қазақстандық студенттер мен оқушылар білім алуда. 2015-2016 оқу жылына қытайлық тарап қазақстандықтарға арнап 59 грант бөліп отыр. Қазақстан отандық ЖОО-ларда білім алу үшін 83 грант бөлді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері