- Басты
- Жаңалықтар
- Аралдың құрғап қалған 56,5 мың гектар аймағы орманды алқапқа айналды
Аралдың құрғап қалған 56,5 мың гектар аймағы орманды алқапқа айналды
25 Маусым, 2015 15:17
Арал теңізінің құрғап кеткен 56 мың 500 гектар аймағына орман ағаштары отырғызылды. Сонымен қатар, 47 мың 117 гектарға сексеуіл отырғызылып, 9 мың 383 гектар жерге дән себілді, деді «Ормандарды сақтау мен республиканың орманды алқаптарын кеңейту» жобасының үйлестірушісі Александр Боровков аталған жобаның жүзеге асырылу қорытындысына байланысты өткен халықаралық конференцияның барысында.
Оның сөзінше, орман барлығы 41 мың гектар жерге отырғызылып, орман өсімдіктері тұқымының базасы жасалды. 1 мың 4 гектарға элиталы тұқымдар үшін жер таңдап алынып, арнайы плантация құрылды, тиімді өсімдік отырғызу технологиялары пайдаланылып, қуаты 23,4 млн дана қайың өсіруге бағытталған орман қорығы іске қосылды.
Бұған қоса, осы жылдар ішінде орман өрттерімен, орманда заңсыз кесу әрекеттерімен, орман ауруларарымен күрес жұмыстары жетілді. Бұл ретте аталған қауіптермен күресте жаңа ақпараттық технологиялар мен адамдарды оқытып-үйрету шаралары енгізілгендігін айта кету керек. Сонымен қатар 11 өртті-бақылау мұнарасы мен 8 өртті-химиялық станса салынып, 2 мың 200 өртпен күреске арналған құрал-саймандар сатып алынған.
Индира Кауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды