- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында журналистиканы қаржыландыру 3 жылда 3 есеге өсті (Фото)
Қызылорда облысында журналистиканы қаржыландыру 3 жылда 3 есеге өсті (Фото)
«Ахмет Байтұсыновша айтсақ, «Баспасөз - халықтың көзі, құлағы һәм тілі». БАҚ бүгінде халық пен билік арасында алтын көпір іспетті. Қазірде аймағымызда 91 бұқаралық ақпарат құралы бар. Әрқайсысының өзіндік орны, айтар сөзі бар. Мереке қарсаңында баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін», - деді аймақ басшысы журналистерді құттықтау кезінде.
Бүгінде Қызылордада аймақтық журналистика қарыштап дамып келеді. Мемлекеттік тапсырыс негізінде бөлінетін қаржы соңғы 3 жылда 3 есеге артты. Мәселен, биыл 638 миллион теңге қаржы қаралған. Өңірде жас журналистердің шеберлігін шыңдау мақсатында түрлі семинар-тренингтер ұйымдастырылып келеді. Айта кетейік, күні кеше облыста ҚР Президент жанынындағы Орталық коммуникациялар жанындағы орталықтың филиалы ашылды.
Дәстүрлі шара барысында қызығы мен қиындығы мол саланың қазанында қайнап, бір терінің пұшпағын илеп жүрген қауым өкілдері әр түрлі марапаттарға ие болды. Төл мерекеде журналистер облыс әкімінің алғыс хатымен және түрлі номинациялармен марапатталды. Аймақ басшысы үздіктерге арнайы дипломмен бағалы сыйлықтарды табыстады.
Мереке қарсаңында көрермен көзайымына айналып, қызмет барысында қыршыннан қиылған тележурналист Сахитжан Бермағанбетов атындағы дәстүрлі«Ең үздік жас журналист» байқауы ұйымдастырылған болатын. Салтанатты шарада жеңімпаздардың есімі аталды. Олар - «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі Аягөз Қожақова мен «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Сара Омарова.
Мерекелік кеш бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар