- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда жақын және алыс шетелдің медиктері репродуктивтік және перинаталдық денсаулықты жақсарту мәселелерін талқылауда
Алматыда жақын және алыс шетелдің медиктері репродуктивтік және перинаталдық денсаулықты жақсарту мәселелерін талқылауда
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, сондай-ақ іс – шараға Қазақстанның медицина академиялары кафедраларының қызметкерлері, республиканың барлық өңірлерінің дәрігерлері қатысты.
Шараны өткізудің мақсаты – репродуктивтік жастағы әйелдерге медициналық көмектің сапасын жақсарту.
Ана өлімінің көрсеткіші жалпы елдің медицинасының деңгейін және акушерлік – гинекологиялық қызметінің сапасын сипаттайды. Ол денсаулық сақтау саласы жағдайының елеулі интегральдық индикаторы болып табылады. Мыңжылдықты дамыту мақсаттарына сәйкес Қазақстан алдында ана өлімін 1990 жылғы бастапқы 75,8%-дан 2015 жылы 75%-ға төмендету мақсаты тұр, және 100 мың тірі туған балаға 18,9-ға сәйкес болу керек.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының индикаторларына сәйкес ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туған балаға 24,5-ке сәйкес болу керек. 2000 жылмен салыстырғанда ол 5 есе төмендеді және бүгінгі күні 100 мың тірі туған балаға 11,7 құрайды.
Бұл нәтижелерге Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі деңгейінен бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмекке дейін барлық босандыру қызметінің жүйелі жоспарлы жұмысының арқасында қол жеткізілді. Бұл жұмыс бір мезгілде ұйымдастыру жұмысы, медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатындағы жаңа диагностикалық, емдеу және профилактикалық шараларды енгізу және біліктілікті көтеру сияқты 3 бағытта жүргізілді.
Осыған байланысты еліміздің емдеу – профилактикалық мекемелері 3 деңгей бойынша өңірлерге бөлінді, онда әр өңірдің қызметтері, міндеттері және мүмкіндіктері нақты белгіленді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған стандарттарға сәйкес жүктілікті және босануды жүргізудің жаңа технологиялары енгізілді. Дәрігерлердің іс әрекеттерінің хаттамалары мен алгоритмдері әзірленді. Пренатальдық және неонатальдық скринингтердің әдістері, ұрықтың жатырішілік патологиясы кезіндегі фетальдық терапиясы енгізілді. Жүктіліктің, ана өлімінің, ауыр жағдайдағы науқастардың және нәрестелердің регистрлері жасалды. Бұл өз кезегінде арнайы бригадалардың келуі, науқастарды өз қолдарымен тасымалдау, емдеу және диагностикалау бойынша жедел телекеңестер сияқты шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Атқарылған шаралар түсіктер санын 79% төмендету арқылы фертильдік жастағы әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Тек ана өлімі ғана емес нәресте өлімі де, негізі бала өлімін құрайтын 1000 тірі туған балаға шаққандағы 13,4 дейін төмендеді.
Пренаталдық скрининг енгізу есебінен: УДЗ диагностикалау және генетикалық маркерлерін анықтау арқылы 1132 хромосомдық патологиясы бар және жүкті кезінде өлімге әкелетін туабіткен даму ақауы бар туылуы керек 8867 бала алдын ала анықталды. Соңғы 6 жылда туылған балаларда туабіткен гипотериоз және фенилкетонурияның 260 жағдайы анықталды, яғни бұл балалар мүгедек болмаған, олар оңалту және қажетті терапиясын алуда.
Конференция қорытындысы бойынша диагностика, терапия және патологиялық жағдайлардың алдын алудағы жаңа көзқарастар және заманауи технологиялар аясында перинаталдық және ұрпақты болу денсаулығын жақсарту бойынша қарар қабылданады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар