- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінде алғаш рет «Жас ұлан» әскери-спорттық ойыны басталды (Фото)
ҚР Қарулы Күштерінде алғаш рет «Жас ұлан» әскери-спорттық ойыны басталды (Фото)
« Ойынға Қазақстанның 16 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 160-тан астам оқушы қатысады. Үздіктердің ішінен топ жарғандарды анықтау үшін қатысушылар саптық және атыс даярлығы (пневматикалық винтовкадан оқ ату), АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, әскери-спорттық сайыстар, әскерилендірілген кросс, тартылу мен қолдың бұлшық еттерін қатайту, жүзу және тарихи-өлкетану зерттеу жобасын қорғау бойынша сайысқа түседі», - делінген хабарламада.
Одан басқа, ойынға қатысушылар үшін 85395 әскери бөлімінің аумағын аралату бойынша экскурсия өткізеді, онда олар қару-жарақ пен әскери техниканы көреді, таулы-егерьлік полк және №1 мамандандырылған өрт бөліміне барып, «Айша-бибі» полигонында взводтардың көрсетілімді жауынгерлік атыстарын тамашалайды. Ойынға қатысушы командалар жарыстарда өздерінің жоғары кәсіби дайындықтарын көрсетіп жүргендерін мақтан тұтады. «Еліміздің әскери қызметінің лайықты ізбасарлары өсіп келеді.
Қатысушылар жан-жақты дамыған және дайындалған. Мұндай жарыстар жеткіншектерге өзінің әрі қарай тағдырын анықтауға және оны әскери қызметпен байланыстыруға көмектеседі. Ал өзге кәсіпті таңдайтындар достық және командалық жұмыс сабағын алады», - деп 85395 ә/б әскери қызметшілері атап өтті. «Жас ұлан» республикалық әскери-спорттық ойыны 26 маусымда аяқталатынын атап өткен жөн.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды