• Басты
  • Қазақстан тұңғыш рет ЭЫДҰ Даму орталығының толық құқылы мүше мемлекеті ретінде Басқарушы кеңестің отырысына қатысты
25 Маусым, 2015 10:42

Қазақстан тұңғыш рет ЭЫДҰ Даму орталығының толық құқылы мүше мемлекеті ретінде Басқарушы кеңестің отырысына қатысты

Францияда (Париж) ЭЫДҰ Даму орталығының мүше мемлекеттерінің Басқарушы кеңесінің отырысы өтуде. Қазақстан Республикасы алғашқы рет ЭЫДҰ Даму орталығының толық құқылы мүше мемлекеті ретінде отырысқа қатысты, деп хабарлады ҚР ҰЭМ.

Қазақстан тұңғыш  рет ЭЫДҰ Даму орталығының толық құқылы мүше мемлекеті ретінде Басқарушы кеңестің отырысына қатысты | Strategy2050.kz

Делегацияны ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов басқарды.Отырыстың күн тәртібінде – ЭЫДҰ мүше елдердің және серіктес елдердің даму стратегиясын талқылау.

«Қазақстанның ЭЫДҰ Даму орталығына қосылу мақсаты экономикалық және әлеуметтік даму саласындағы тәжірибелермен алмасу, оның ішінде халықтың өмір сүру шарттарын жақсарту мәселелері болып табылады», - деп отырыс барысында атап өтті Т.Жақсылықов.

Қазақстан Республикасы мен ЭЫДҰ Даму орталығының ынтымақтастығының шеңберінде нақты ұсынымдар мен дәйекті реформалар арқылы саясатты және стратегияны әзірлеуге бағытталған Кешенді елдік шолу жобасы іске қосылды.

Бұдан басқа, Қазақстан Даму орталығының табиғи ресурстар негізінде даму мәселелері бойынша Саяси сұхбаттың жұмысына «Мұнай кірістерін бөлу және тұрақтандыру қорлары» бөлімшесінің тең төраға ел ретінде мұнай және газ, минералдар мен металлдарды 15-20 өндіруші мемлекет арасында көпжылдық біліммен және табиғи ресурстарды өндіру негізінде даму тәжірибесімен алмасу мақсатында қатысады.

Даму орталығының Басқарушы кеңесіне 43 ел кіреді, олардың ішінде 25 ЭЫДҰ мүше болып табылатын және 18 – дамушы ел. Дүниежүзілік банк, Африкалық даму банкі және Халықаралық валюталық қор бақылаушы болып табылады. Қазақстан Республикасы ЭЫДҰ Даму орталығына 2015 жылдың ақпанында кірді.   

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды