- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараздағы дайындық жұмыстарына еліміздің 8 облысы көмектесуде
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараздағы дайындық жұмыстарына еліміздің 8 облысы көмектесуде
Басты нысан Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған монумент болады. Аталған нысандағы құрылыс жұмыстарымен «Тараз-Арена» спорт сарайына қарама-қарсы аумақта «Жамбылхимстройинженеринг»ЖШС-і айналысуда.
«Еліміздің сегіз облысы тарихи оқиғаны тойлау үшін Таразда дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мысалы, Маңғыстау облысы «Тараз» қонақ үйінің аумағындағы нысанды қаржыландырады, Ақтөбе автобекет маңындағы көпірді қайта қалпына келтіруді, Павлодар – Жансая шағын ауданындағы жол өткелін, Солтүстік Қазақстан облысы автобекет ауданын жақсарту үстінде, Батыс Қазақстан облысы 100 миллион теңгеге жуық қаржы аударды, аталған қаражатқа Даңқ Аллеясында жұмыстар жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Атырау облысының қолдауымен «Жаңа Кемер Құрылыс» ЖШС-і «Астана» шағым ауданының жанынан жаңа саябақтың құрылыс жұмыстарын бастап кетті, мұнда 2 үлкен субұрқақ орнатылады және қайыңдар мен шыршалар отырғызылады. Құрылыстың жалпы құны 50 млн.тг. құрайды.
Сонымен қатар, Қостанай және Қызылорда облыстары бірігіп Қарахан кесенесінің жанынан аллея салып жатыр. Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы да қаланы абаттандыру бойынша жұмыстарын бастайды.
Мерейтойға дайындық шеңберінде облыстың 17 басқармасына және 10 аудандық әкімшіліктеріне Тараз қаласының 26 орталық және магистарльды көшелерін бекітілген.
Бүгін осы 26 көшеде абаттандыру, гүлзарларды орналастыру, тротуарларды қалпына келтіру, шамдар орнату сияқты және жеке сектордағы үйлердің қоршауларын жөндеу жұмыстары басталды. Бұған 500 млн.тг бөлу жоспарлануда.
Осы көшелерде орналасқан 305 көпқабатты үйлердің қасбеттерін сырлауға 200 млн.тг. артық қаржы бөлінеді. Жергілікті бюджеттен қаланың 11 көшесін жарықтандыру, көріктендіру және көгалдандыруға - 269 млн.тенге бөлінді, сондай-ақ облыстық бюджеттен түрлі-түсті сәулелік көгалдандыр менаялдамаларды жаңартуға да қаражат қарастырылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»