- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация аясында лауазымдарды грейдирлеу жобасын іске асырады
«Самұрық-Қазына» АҚ трансформация аясында лауазымдарды грейдирлеу жобасын іске асырады
Сонымен қатар, Қор жаңа толқын жетекшілердің тобын жасақтауды қолға алады. Бұл үшін HR-қызмет арнайы бағдарлама да жасады. Бұған сәйкес белсенді мамандарды басымдығы жоғары жобаларға, жауапты қызметтерге тағайындау қарастырылған.
«Біз алдымызға жаңа мақсат-міндеттер қойып отырмыз. Осы орайда мына мәліметтерді келтіргім келеді. 2014 жылы жалданған қызметкерлердің 85 %-ы ағылшын тілін еркін меңгерген. 2012 жылы бұл көрсеткіш 30% ғана болатын. 2014 жылы жалданған қызметкерлердің 90%-ы қазақ тілінде еркін сөйлейді. 2012 жылы 50% ғана еді. 2014 жылы жұмысқа қабылданған үміткерлердің 70%-ының шетелдік дипломы бар. 2012 жылы 30% болатын. 2014 жылы мамандардың 60%-ы бізге халықаралық компаниялардан, соның ішінде 40 %-ы «үлкен төрттіктен» келді. 2012 жылы бұл көрсеткіш, тиісінше 20% және 10% болатын. Әрине, бәрі ойдағыдай, керемет деп айтуға келмес, бірақ біз қарапайым халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып, дамып, жетіліп келеміз», - деді Дэниел Крюсберг.
«Қордың өз қызметкерлері арасында үлкен жұмыстар атқарып жатқанын көріп отырмыз. Компаниялардың меритократия жолына түскені құптарлық. Қызметкерлерді үздіксіз оқыту мен таланттарды іріктеу қолға алынған. Бұл өте маңызды. Белсенді, қуатты адам капиталы болмай трансформация бағдарламасындағы мақсаттарға жету мүмкін емес», - деп атап өтті сенатор Серік Нөгербеков.
«Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасымен танысқан депутаттар Қорға мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуға көңіл бөлу қажеттігін де айтты. Бұл, өз кезегінде, Мемлекет басшысы бастамаларының орындалуына және ұлттық экономиканың дамуына Қор компаниялар тобының қосқан үлесі болмақ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы