- Басты
- Жаңалықтар
- А.Исекешев: БАҚ елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады
А.Исекешев: БАҚ елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады
«Мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін атап өткім келеді. Оларды төртінші билік деп бекер айтпайды. Бүгінде Мемлекет басшысы айтқан, ел алдында тұрған қауіп-қатерлер аясында мемлекеттің алдында үлкен міндеттер тұр. Президент Н.Назарбаев 5 реформаны жүзеге асыру үшін «100 нақты қадамды» жариялады. Көп қадамдар идеология мәселесіне арналған. Сол себепті нәтижеге қол жеткізу үшін, ақпараттық, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыру үшін үлкен күш салу қажет. Бүгінде елде 2 мың 200-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді, олардың 76 пайызы мемлекеттік емес. БАҚ бүгінде елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқара бастады»,-деді Ә.Исекешев.
Оның сөзінше, 2030 жылы елімізден өтетін әлемдік ақпараттардың көлемі 3 пайыздан кем болмайды және ол 2050 жылы екі есеге артады.
«Ақпаратты Қазақстан – 2020» бағдарламасының аясында үлкен жетістіктер бар. Жақында ғана үлкен халықаралық форум болды, онда барлық әріптестеріміз, БҰҰ-ның хатшылығының өкілдері де Қазақстанның даму жағынан аймақтағы көшбасшылардың бірі болып отырғандығын және жаһандық көшбасшылардың қатарына да қарқынды жылжып келе жатқандығын атап өтті. Біз болашақта елімізден әлемдік ақпараттардың 3 пайызы, ал 2050 жылы одан екі есе көбі өтеді деген болжам жасап отырмыз. Бүгінгі таңда тұрғындар 100 пайыз телефон байланысымен, 68 пайыз интернетпен қамтылған, бұл өте үлкен көрсеткіш. Еліміздің 72 пайызы цифрлы эфирлік телебайланыспен қамтамасыз етілген. 2018 жылы бұл меже 95 пайыз болады деген үміттеміз»,-деді министр.
Айта кететін мәселе, «Үздік байланыс» төсбелгісін тапсыру салтанатты рәсім барысында «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының интернет-жобалар жөніндегі орынбасары Абзал Қабдығалиев пен аталмыш акционерлік қоғамның интернет-жобалар жөніндегі басқарушы директоры Жандос Шолақов марапатталды.
Анар Тәңірқұлова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы