- Басты
- Жаңалықтар
- СІМ Қазақстанның шет мемлекеттермен ынтымақтастығын арттыруда құрметті консулдардың рөлін атады (ФОТО)
СІМ Қазақстанның шет мемлекеттермен ынтымақтастығын арттыруда құрметті консулдардың рөлін атады (ФОТО)
«Сіздер- шет мемлекеттердің біздің елімізбен сауда-экономикалық мүдделерін сенім тапсырған біздің еліміздің белсенді азаматтарысыздар, түрлі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастық көбіне сіздерге байланысты»,-деді Е.Ыдырысов.
Кездесудің басты мақсаты – СІМ құрметті консулдармен тікелей тығыз қарым-қатынас орнату болды.
Министр сыртқы істер ведомствосының құрметтің консулдардың тиімді, қамтымды қызметтеріне қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтіп, шетелдік мемлекеттерді қызықтыратын басым бағыттағы салалар бойынша ақпарат алмасып отыруды ұсынды. Бұл ретте, Қазақстанның елде негізі «Қазақстан -2050» Стратегиясы» болып табылатын жаңғыртудың маңызды кезеңінде тұрғандығы және бұған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасы тың серпін бергендігі айтылды.
Министрдің сөзінше, құрметті консулдар Қазақстанда болып жатқан оңды өзгерістер мен еліміздің қол жеткізген жетістіктері туралы ақпараттарды өздеріне сенім білдірілген мемлекеттерде тарата алады.
Министр кездесуге қатысушыларға Қазақстанға бизнес делегациялардың көптеп келуіне белсенді ықпал ету қажеттігін, «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне шетелдіктердің көптеп қатысуы жолындағы бірлескен қимылдардың сондай-ақ Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуы жолындағы әрекеттердің маңыздылығын айтты.
Өз кезегінде шараға қатысушылар өзжерінің жұмыс барысында қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, алдағы уақытта бірлесіп қызмет етуге ынталы екендіктерін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елде 39 құрметті консул қызмет етеді.
Ботагөз Айтжанова
Фото Азамат Алиев
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды