- Басты
- Жаңалықтар
- Мәдениет министрлігінің өкілдері «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Мәдениет министрлігінің өкілдері «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Байқауға баспасөзда, интернет басылымдарында басылған және телерадиоарналардан 2015 жылдың 10-қаңтары мен 10-шілдесі аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарияланған материалдар қабылданды. Республикалық байқауға 200-ден астам материалдар түсті, олардың арнайы құрылған комиссия өкілдері қарады. Әділқазылар алқасының мүшелері байқауға жолданған материалдарды «Баспасөз басылымындағы үздік материал», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік интернет-сайт материалы» аталымдары бойынша жеңімпаз деп жариялады.
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні меркесінің қарсаңында Мәдениет және спорт министрі қазіргі замандағы БАҚ рөлін жоғары бағалады.
«Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәдениет ең алыс жатқан аймақтардың өзіне жетіп жатады. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде мәдени құндылықтармен алмасудың және оны үйлестірудің жаңа саясатын бұқаралық ақпарат құралдары қалыптастырады. Көпұлтты Қазақстанда бұл қызмет БАҚ өкілдері үшін маңызды мәселе. БАҚ арқылы Қазақстан азаматтары өздерін тұрақты қарқынды дамып келе жатқан, өзінің болашағы мен ұрпақтарының болашағына сенімді, мемлекеттің азаматы, қоғамның белсенді мүшесі сезінеді»,-деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Ведомство басшысы мәдениет және спорт пен конфессияаралық келісім мәселелерін белсенді насихаттайтын БАҚ өкілдеріне Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.
Индира Кауметова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі