- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» мен «Единая Россия» өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы келісімге қол қойды (Фото)
«Нұр Отан» мен «Единая Россия» өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы келісімге қол қойды (Фото)
Екі жақты кездесу барысында Мәскеуде «Единая Россия» бүкіл ресейлік саяси партиясының басшылығымен екі билеуші партияның арасындағы өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойылды.
Ресми сапарының бірінші күнінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті.
Екі жақты кездесу барысында бүгінгі таңда ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федерация Кеңесінің, ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Мемлекеттік Думасының арасында тікелей өзара іс-қимылдың орнатылғаны, ал, депутаттардың ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы отырыстары шеңберінде жемісті жұмыс жасап жатқандары атап өтілді. Тараптар екі елдің Парламенті арасындағы байланыстарды әрі қарай да дамытуға ниетті екендерін жеткізді.
Сапар шеңберінде «Нұр Отан» партиясының делегациясы «Единая Россия» Бас кеңесінің хатшысы, РФ ФЖ Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Сергей Неверовпен жүздесті.
Кездесу барысында Бауыржан Байбек «Нұр Отан» мен «Единая Россия» партияларының билеуші болып табылатынын және өз елдеріндегі заңнамалық органдарда көпішілік дауысқа ие екенін атап өтті. Сонымен бірге партияларды «Нұр Отан» Доктринасындағы, сондай-ақ «Едина Россияның» ресми тұғырнамасында белгіленген орталықшылдық идеологиясы мен ортақ консервативтік құндылықтар біріктіреді.
Тараптар біздің елдеріміздің арасындағы партияаралық және парламентаралық әріптестіктің қарқынды дамуының Қазақстан мен Ресейдің өзара тиімді әріптестігінің нығаюына ықпал ететініне тоқталды.
Тараптар партия басшылығы делегациясы сапарының алмасуы туралы келісті. Мысалы, 2015-2016 жылдары «Единая Россия» бүкіл ресейлік саяси партиясы басшылығы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары жоспарланған, 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы басшылығы делегациясы Ресей Федерациясына сапарлап барады.
Сапар барысында делегация мүшелері «Единая Россия» партиясының Орталық атқару комитетінің жетекшілерімен, «Молодая гвардия Единой России» басшылығымен кездесіп, партияның Мәскеу қалалық өңірлік бөлімінің жұмысымен танысты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері