- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды
Қызылордада С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды
Филиал Қызылорда облыстық медицина орталығының жанынан ашылып отыр. Әрине, бұл аймақтан дәрігерлер даярлап шығаратын білім шаңырағы болмақ. Айта кетейік, еліміздің медицина университеттерінде интернатура, резидентура, магистратурадан өтіп жатқан студенттер енді Қызылордада білім ала алады.
«Қазір ғылыммен айналысу заман талабы. Яғни, дәрігерлер барлығын зерделеп отыруы қажет. Халықаралық деңгейде жұмыс жасаған жағдайда ғана облыс тұрғындары ем іздеп өзге аймаққа бармайды. Бұл аймақ үшін үлкен жаңалық», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аталған университеттің 85 жыл тарихы бар. Онда 200 профессор, 800 доцент, 2 мыңнан астам мұғалім қызмет етеді. Аталған білікті мамандар енді Сыр еліне келіп, қызылордалық студенттерге дәріс беретін болады.
«Біздің университеттен 70 мыңнан астам дәрігерлер даярланып шықты. Негізгі мақсат облыстың потенциалын көтеру. Оған мүмкіндігіміз жеткілікті. 2017 жылы бұл филиалды ғылыми зерттеу орталығы ретінде қалыптастырамыз», - деді С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры Айқын Ақанов.
Айта кетейік, аймақ басшысы облыстық медицина орталығын күрделі жөндеуден өткізуге және техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылатынын айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді