- Басты
- Жаңалықтар
- «Атамекен» мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жемқорлықпен бірлесіп күресу туралы келісімге қол қойды
«Атамекен» мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жемқорлықпен бірлесіп күресу туралы келісімге қол қойды
24 Маусым, 2015 19:52
Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев пен ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров жемқорлық белгілерінен кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін бірлесіп қорғау туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Келісімде жұмыс ашықтығы мен Қазақстандағы бизнеске қолдау көрсету, азаматтар мен ұйымдардың құжаттарын қарастыру уақытын қысқарту және жеңілдету принциптері көрініс тапқан.
Агенттік төрағасы атап өткендей, қол қойылған келісім «екі органның бірлескен жұмысын жүйелеу болып табылады» және ол агенттіктің палатамен тығыз жұмыс істеп жатқанын баса айтты.
«ҰКП өкілдері агенттік жанындағы Жемқорлықпен күрес кеңесінің құрамында бар. Аймақтық деңгейде жұмыстар белсенді жүргізілуде», деді Қ. Қожамжаров.
Т. Құлыбаев агенттікті кеден органдарының жұмысына назар аударуға шақырды, олардың жұмысы бойынша көптеген сұрақтар туындауда.
Келісімде тараптар жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері