- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Құрлық әскерлері Әскери институтын 368 офицер бітіруде (Фото)
Биыл Құрлық әскерлері Әскери институтын 368 офицер бітіруде (Фото)
«Биылғы оқу жылында Әскери институтты болашақ 368 офицер бітіруде, оның ішінде қырғыздың 18 курсанты және Тәжікстанның 8 азаматы бар. Бітіруші курстан 10 адам қызыл дипломға, ал екеуі алтын белгіге аяқтайды. Полигонда болашақ офицерлер штаттық қару-жарақтан атыс дағдысын, оқ атуды басқаруды дұрыс ұйымдастыру шеберлігін іс жүзінде көрді», - делінген хабарламада.
Бітірушілердің барлығы өз мамандықтары бойынша: танкішілер – танктен, жаяу әскер – ЖӘЖМ-нан және артиллерияшылар – артиллерия қару-жарағынан атты. Бұдан өзге жас әскери қызметшілер танкті, ЖӘЖМ-ді, автокөліктерді, әскери техникаларды, БТР-ды жүргізу жұмыстарын пысықтады. Атыс жаттығулары курсанттардың теориядан алған білім сапасын тексеруге ықпал етіп қана қоймай, жеке құрамның жалпы даярлық деңгейін көрсетті.
Институтта олар теория жүзінде мемлекеттік емтихандар тапсырып жатса, бір жағынан әскери полигонда өздерінің іс жүзіндегі дағдыларын көрсетіп дәлелдеуге тура келді. Осындай жиындар бітіруші курс тәлімгерлерімен жыл сайын оқыту аяқталғаннан кейін өткізілетінін атап өткен жөн. Құрлық әскерлері Әскери институтындағы курсанттардың оқ ату даярлығы әскери қызметшінің атыс шеберлігі мен алыс қашықтыққа және жылдам қарқында мергендікпен атуда жауынгерлік даярлықтың машықтанған дағдыларын оқытуға бағытталған негізгі пән болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, Құрлық әскерлерінің Әскери институты Қазақстанның ертеден келе жатқан әскери оқу орны болып саналады. Қазақстандық армия үшін институт түрлі мамандықтар бойынша әскери мамандар мен кадрлық офицерлерді даярлаудағы орны ерекше. Бүгінде институтты тәмамдағандар ірі әскери бөлімшелер мен ведомстваларды басқарып, жоғары әскери атақтар мен үкіметтік наградаларға лайықты. Институт ҰҚШҰ елдерінің қарулы күштері үшін бірлесіп әскери кадрларды даярлайтын оқу орындарының қатарына енгізілген.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар