- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Қазақстан мен Литва арасында адамдардың реадмиссиясы туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс Қазақстан мен Литва арасында адамдардың реадмиссиясы туралы заң жобасын мақұлдады
Келісімге 2011 жылы 6 қазанда Астанада Қазақстан мен Литваның Ішкі істер министрлері қол қойған болатын.
«Оның күшіне енуі - екі елдің арасындағы жалпы азаматтық, ұлттық паспорттардың иелері үшін Визасыз режим орнатуға негізгі шарт болмақ. Осы құжат екі мемлекеттің аумағына кіру және онда болу шарттарын бұзған адамдарды анықтап, оларды елдеріне қайтаруды көздейді», - деді ІІМ басшысы Қ.Қасымов.
Бұл санатқа еліміздің аумағына заңсыз кірген немесе заңды кірген, бірақ Виза немесе рұқсатының уақыты өтіп кеткеннен кейін елімізде қалған адамдар жатады. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары реадмиссия үшін Қазақстанның шекарасын кесіп өту пункті болып бекітілді.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Литва Республикасының Ішкі істер министрлігі осы келісімді іске асыратын құзіретті органдар болып табылады. Келісімді ратификациялау заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді. Мемлекеттердің аумағында заңсыз жүрген азаматтарды халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауды және олардың транзитін жеңілдетеді. Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және қосымша қаражатты талап етпейді.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды