- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс атом энергиясын пайдалануға қатысты заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс атом энергиясын пайдалануға қатысты заң жобасын мақұлдады
24 Маусым, 2015 12:31
Парламент Мәжілісінің депутаттары пленарлық мәжіліс барысында ҚР «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталмыш құжат Мәжілістің 2014 жылғы жоспарына сәйкес дайындалған болатын және ол ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдалану және пайдаланудан шығару кезінде қауіпсіздіктің қағидаттары мен негізгі талаптарын белгілеуге бағытталған.
Бұдан бөлек, құжатты қабылдау атом энергиясын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамту және оны реттеудегі атом энергиясын пайдаланатын мекемелерге қауіпсіздік деңгейінің талаптарын орындауға, оларды жүзеге асыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. «Сонымен қатар, заң жобасы қоршаған ортаны қорғауды көздейді, яғни, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілік уәкілеттілігін нақтылау арқылы қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолдары анықталады», -деді Энергетика министрі Владимир Школьник.
Оның айтуынша, аталған заң жобасы республикалық және жергілікті бюджеттерден шығынды қажет етпейді. Құжаттың зиянды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайды.
Индира Кауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру