- Басты
- Жаңалықтар
- Ташкентте ОА-ға арналған қоғамдық денсаулық сақтауды басқаруды нығайту мәселелері талқыланды
Ташкентте ОА-ға арналған қоғамдық денсаулық сақтауды басқаруды нығайту мәселелері талқыланды
Аталған семинарға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тажікстан, Ресей сынды 5 елден 30 адам қатысты.
Курсты өткізуді ұйымдастыруға Өзбекстан үкіметі қолдау көрсетті және ДДСҰ ЕАБ және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы екі жылдық келісім (ЕЖК) аясында қаржыландырылды.
2012 жылы денсаулық сақтау жаңа аймақтық саясатының негіздері – «Денсаулық-2020» және Еуропадағы қоғамдық денсаулық сақтауды өркендету үшін қызмет ететін қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бекітілген болатын.
«Денсаулық-2020» саясаты денсаулық пен игілікті қолдау, сонымен қатар денсаулық көрсеткіштері бойынша алшақтықты қысқарту үшін қоғамдық денсаулық сақтаудағы көшбасшылық пен басқаруды нығайтудың стратегиялық мәнмәтініне жаңалық әкеледі. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясатты жүзеге асыру және таратуға көмек көрсету үшін практикалық басқару мен дағды мүмкіндіктерін нығайтуда елдерге қолдау көрсету ретінде ДДСҰ ЕАБ «Денсаулық-2020» жаңа саясаты аясында қоғамдық денсаулық сақтауды басқаруды практикалық модельдеу және нығайту бойынша курсты ашты.
Денсаулық сақтауды басқару және ұйымдастыру барысында гигиена, микробиология, эпидемиология және әлеуметтік медицина сынды негізгі төрт салаға кәсіби бейінділікті және мамандануды қарастыратын «Санэпидқадағалау» моделі (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) тарихи тұрғыдан қалыптасты.
Денсаулық сақтау саласының көптеген қызметтері мониторинг және бақылау жүргізуде, міндетті санитариялық-гигиеналық қызметте көрінеді. Жұқпалы ауруларға бақылау жүргізуге қарағанда, оның айырмашылығы Орта Азия республикаларындағы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қоғамдық денсаулық мәселелерін ғылыми зерттеу, төтенше жағдайларға назар аудару, қоршаған ортаны және денсаулықты қорғау, алдын алу бағдарламалары, денсаулықты нығайту бойынша шұғыл зерттеулер нашар жүретіндігі болып табылады.
Соның нәтижесінде, қоғамдық денсаулық сақтау негізінен емдеу мен сырқаттанушылыққа бағытталған денсаулық сақтаудың басқа қызметтерімен қатарлас жұмыс жасайтын және қаржыландырылатын мемлекеттік басқарудың жеке компоненті ретінде реттеледі.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері