- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: 2015 жылы АӨК саласы бойынша 26,6 млрд теңгенің 17 жобасын іске асыру көзделіп отыр
ИИДМБ: 2015 жылы АӨК саласы бойынша 26,6 млрд теңгенің 17 жобасын іске асыру көзделіп отыр
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға бағытталған индустриялды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы бойынша арнайы «Азық-түлік өнімдерін өндіру» бөлімі бар тиісті шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
2019 жылдарға дейінгі аралықты қамтитын ИИДМБ аясындағы шаралар ауыл шаруашылығы шикізаты мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған қаржылық қызметтердің қолжетімдігін қамтамасыз етуге, өндірістердің инфрақұрылымдық тежеулерін төмендетуге, отандық өнімдердің өтімділігін арттыру, азық-түлік өнімдерін тұтыну мәдениетін қалыптастыру сияқты өзге де бірқатар шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Толықтай алғанда, ИИДМБ тарапынан ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша төмендегідей индикаторларға қол жеткізу мәселесі қарастырылған. Жалпы қосымша құн бағасын 1,2 есеге артыру, азық-түлік өнімдері өнімін өндіруші кәсіпорындардағы жұмысшылар санын 2,4 мың адамға көбейту, еңбек өнімділігін 1,1 есеге арттырып, шикізаттық емес экспорт көлемін 1,2 есеге көтеру жоспарланған.
2015-2019 жылдар аралығында Қазақстанда АӨК бойынша 70 жобаны жүзеге асырып, 140 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көзделген.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді