- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада әйел кәсіпкерлер үшін «Нұрлы жол» бағдарламасын түсіндіру семинары өтеді
Астанада әйел кәсіпкерлер үшін «Нұрлы жол» бағдарламасын түсіндіру семинары өтеді

Хабарламада, Қазақстан Республикасында 2015-2019 жылдарды қамтитын «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы қабылданғандығы айтылған. Бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті дамыту мен тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін арттыру қарастырылған. Бұл Қазақстанда әйелдер арасындағы кәсіпкерліктің дамуына серпін береді.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы толықтай Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына негізделген. Бұл бағдарлама еліміздің 2019 жылға дейінгі қарышты әрі жасампаз дамуына, елдің әрбір азаматының өмір сапасын арттыруға бағытталған. Жолдауда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қажеттігі айтылған»,-делінген «Даму» қорының хабарламасында.
Бүгінде Қазақстанда әрбір екінші кәсіпкер әйел адам. Нәзік жандардың кәсіпкерлік саласында осыншама кең көлемде орын алуы «үнсіз төңікеріс» деп бағалануда. Қазіргі таңда қазақстандықтар жалданып жұмыс істеу немесе өз ісіңді ашу мүмкіндіктерін өздері таңдайды. Ал, әйелдер көбіне екінші бағытты таңдайды.
Қазақстанда бизнесті дамыту үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Олардың қатарында «Бизнестің жол картасы -2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламалары мен ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіпкерлікті соның ішінде әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы қолдаулар бар. Бүгінгі таңда 52 қазақстандық кәсіпкер бизнесті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда.
Бүгінгі семинар жұмысына кәсіпкер-әйелдер, жеңілдікпен несие беру бағдарламасының өкілдері, сонымен қатар ісін енді бастағалы жүрген азаматтар қатыспақ.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді

