- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР вице-премьері Б.Сапарбаев өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу мәселелері жөнінде кеңес өткізді
ҚР вице-премьері Б.Сапарбаев өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу мәселелері жөнінде кеңес өткізді
«Мемлекет басшысы жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсаудың және балаларға қатысты сексуалды сипаттағы қылмыстардың алдын алу бойынша сәйкес шаралар қабылдауды тапсырды. Сондықтан, бізге осы бағыттағы жұмысты қайта қарап, жандандыру қажет», - деді Б.Сапарбаев.
Аталған саланың негізгі проблемаларының ішінде вице-премьер мемлекеттік органдардың үйлесімді жүйелі жұмысының жоқтығын, мектеп басшылығының, ата-аналар комитетінің және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімдердің өзара іс-қимылы деңгейінің төмендігін, кәмелетке толмағандар мен жастарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартудың төмен деңгейін атап өтті.
«Талдау көрсеткендей, қайғылы оқиғалардың орын алуының бір себебі ата-аналар тарапынан балаларға дұрыстап қарамау болып табылады. Сондықтан, ересектер өз балаларына барынша көңіл бөлгендері жөн», - деп баса айтты Б.Сапарбаев.
Кеңес барысында талқыланған тақырып бойынша Бас прокуратура, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Инвсетициялар және даму министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдері баяндама жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша вице-премьер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, ДСӘДМ 2015-2020 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар мен жастар арасында өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алудың қосымша ұйымдастыру және тәжірибелік шаралар кешінін жасауы, БҒМ, ІІМ-мен бірге өзіне өзі қол жұмсау әрекеті қаупі бар кәмелетке толмағандарға көмек көрсету алгоритмін жасап, бекітуі тиіс.
БҒМ-не ЮНИСЕФ-тің көмегімен өзіне өзі қол жұмсау қаупін және психикалық жағдайына қатысты проблемаларды анықтау үшін әдістемелік құрал мен сауалнама әзірлеу тапсырылды.
ІІМ сексуалды-зорлау іс-әрекеті үшін сотталған тұлғаларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын енгізу, сондай-ақ қоғамды олардың тұратын жері туралы ақпараттандыру мүмкіндігімен Жалпыұлттық сексуалды қылмыскерлердің мәліметтер базасын құру бойынша ұсыныстар жасауы тиіс.
ИДМ-ге қатыгездік, зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандардың психикалық-эмоциялық жағдайына әсер ететін басқа да жағымсыз іс-әрекеттерді насихаттайтын сайттарды мониторингілеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Интернеттегі құқыққа қайшы контенттің таралуының алдын кесу бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мектептерді психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, медициналық қызметкерлермен және мектеп инспекторларымен толығымен толымдауы тиіс.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді