- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасына 100,8 млрд теңге жұмсалады
2015 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасына 100,8 млрд теңге жұмсалады
«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте «Нұрлы жол» бағдарламасының 2015-2019 жылдарғы мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында қорлар тобы үшін индустриялды, көлік-логистикалық инфрақұрылым үшін 176,2 млрд теңге қарастырылған. Соның ішінде 2014 жылға 49 млрд, 2015 жылға 100,8 млрд, 2016 жылға 26,4 млрд теңге қарастырылған»,-деді Н.Рахметов.
Аталған қаржы «Қорғас – Шығыс қақпасы», «Ұлттық индустриялды мұнайхимиялық технопарк» арнайы экономикалық аймақтары мен Алматы-1 – Шу темір жол телімінің екінші қатарын электрификациялау мен Құрық ауылындағы паромды өткелі құрылысы жобаларына жұмсалатын болады.
Директордың сөзінше, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы жобасы бойынша, 2015 жылдың соңына дейін 24,5 млрд теңгені игеру жоспарланып отыр.
«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құрылысының инфрақұрылымына 37 млрд теңге бағытталып, оның 24,5 млрд теңгесі 2014 жылдың желтоқсанында алынған. 2015 жылдың бірінші жартысына дейін қаржы толығымен игеріледі. Қалған 12,5 млрд теңге қор тарапынан республикалық бюджеттен ағымдағы жылдың екінші жартысында жіберіледі»,-деді ол.
«Ұлттық индустриялды мұнайхимиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағы бойынша 24,5 млрд теңгенің жұмыстары атқарылған.
«Ұлттық индустриялды мұнайхимиялық технопарк» арнайы экономикалық аймағының газды-турбиналы электрстансасы инфрақұрылымының нысандарына 93 млрд теңге бөлініп, оның 24,5 млрды 2014 жылдың желтоқсанында алынды. Қаржы жылдың соңына дейін толығымен игеріледі. 50,2 млрд теңге қор тарапынан 2015 жылдың сәуір айында алынған. Қалған 18,3 млрд теңге республикалық бджеттен қорға 2015 жылдың екінші жартысында жолданады»,-деп қосты ол.
«Алматы-1 – Шу темір жол телімінің екінші қатарын электрификациялау жұмысына 27,7 млрд теңге жұмсалады, оның ішінде 8,3 млрд теңге 2015 жылы алынып жұмсалады. 2016 жылы 19,4 млрд теңге бөлінеді. Төртінші Құрық ауылындағы паромды өткелге 11,8 млрд теңе жұмсалды. 4,8 млрд теңге 2015 жылы алынып жұмсалады. 2016 жылға 7 млрд теңге қарастырылған»,-деп қорытды директор.
Анар Тәңірқұлова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек