- Басты
- Жаңалықтар
- Арнайы экономикалық аймақтардағы өндіріс көлемі 4 есе артты- Айдаров
Арнайы экономикалық аймақтардағы өндіріс көлемі 4 есе артты- Айдаров
«ҮИИДМБ аясында Қазақстанда 4 арнайы экономикалық аймақ құрылды. Олар «Сарыарқа», «Павлодар», «Тараз химиялық паркі» мен «АЭА - Хоргос Шығыс қақпасы». Бүгінде еліміз бойынша 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. АЭА бірінші бесжылдық аясында айтарлықтай қаржыландыруға ие болды. Бірінші бесжылдықтың арқасында АЭА инфрақұрылымдары өткен 9 жылға қарағанда екі есе көп инвестиция алды. Жобаларға 336 млрд теңге инвестицияланды, бұл өткен 9 жылдың көрсеткішінен 7 есе артық», - деді А.Айдаров.
Оның айтуынша, өндіріс көлемі 4 есе өсіп, 678 млрд теңгеге жетті.
«Жалпы, АЭА дамуы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде 126 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 111-і 50%-дан жоғары жобалық қуаттылығына шықты. Бұдан басқа 94 жоба 10 АЭА-да жүзеге асырылу барысында», - деді ол.
А.Айдаров баса айтқандай, жақын арада жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 50 жобаны іске қосу күтілуде, өз кезегінде олар 17 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді