- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың полиция қызметкерлеріне 40 қызметтік көлік табысталды (Фото)
Астананың полиция қызметкерлеріне 40 қызметтік көлік табысталды (Фото)
Жаңа қызметтік көліктер елордалық полицейлерге кәсіби мерекелері аясында қол жеткізді. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге арналған «Пежо 301», ресми делегацияларды тасымалдауға арналған «Пежо 508» және «Шкода Октавия», сонымен қатар, саяжай алаптарын патрульдеуге арналған «СангЕнг-Кайрон» автокөліктері.
Отандық көліктердің барлығы полиция көліктерінің қазіргі заманғы техникалық талаптарына сай және ІІМ ақпарат базасынан қажетті жедел ақпаратты алуға, қоғамдық тәртіпті бұзу мен жол қозғалысы ережелерін сақтамау фактілерін тіркеу құрылғыларымен жабдықталған.
Қызметтік автоөкліктер паркін жаңарту – мемлекеттің құқық қорғау органдары қызметінің сапасын арттыруға бағытталған кешенді шараларының бір бөлігі ғана.
Бүгінгі таңда Астанада «Тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің кешенді жүйесі» ауқымды жобасы жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта жоба аясында қалада 15 мың бейнекамера орнату көзделген. Бұл жобаның басқа элементтерімен бірге елордалық полиция жұмысының технологиялық базасын жаңа деңгейге көтереді.
«Мемлекет басшысы өзінің 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бағытындағы «100 нақты қадам» бағдарламасында полицияны жаңа сапалы кезеңге көтеру үшін бірқатар маңызды тапсырма берген болатын. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу және жергілікті полиция қызметін құру полиция қызметінің, Астана қаласы Ішкі істер департаменті жұмысының ұйымдастырылуына оң әсер етеді», - деді әкім,
Бүгінгі таңда қаладағы тәртіпті елорда гарнизонының 3400 қызметкері қамтамасыз етеді. Әкімнің айтуынша, олар қала әкімдігімен бірігіп Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында үлкен жұмыстар атқару керек.
Қорытындылай келе, қала басшысы құқық қорғау органдарның қызметкерлеріне осынау маңызды жұмыстарына сәттілік пен бар жақсылықты тіледі.
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек