- Басты
- Жаңалықтар
- О.Мемедович: Қазақстан экологияны оңалту жағынан өзге елдерден ерекшеленіп отыр
О.Мемедович: Қазақстан экологияны оңалту жағынан өзге елдерден ерекшеленіп отыр
«Айта кететін мәселе, аталған семинар экологиялық проблемалармен күресетін сарапшылардың әлеуеттерін арттыруға бағытталған екіжылдық жобаның аясында өтіп жатыр. Жобаға 6 мемлекет қатысуда. Біз әрбір елде бар экологиялық проблемаларды ұлттық сарапшылардың назарына жеткізу мақсатында ұлттық семинарларды барлық мемлекеттерде ұйымдастырамыз. Біздің алғашқы семинарымыз Беларусь елінде болды, екіншісі Қазақстанда өтіп жатыр. Біз алдағы уақытта Бішкек пен Арменияда боламыз. Соңғы семинарды жыл соңында Венада өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз онда бірқатар нақты нәтижелердің таныстырылымын жасаймыз. Әрібір семинардың мақсаты ТМД мемлекеттерінің өкілдерінде бар біліммен бөлісу, өйткені көп жағдайда экологиялық мәселелер ортақ болып келеді және жауапкершілік барлығына бөлінеді»,-деді О.Мемедович.
Сарапшының айтуынша, аталған сминарға дайындық барысында ұлттық сарапшылармен және құзырлы министрлік өкілдерімен бірге Қазақстанның ең қызықты деген экологиялық мәселелері таңдап алынды.
«Бұл жерде төзімді органикалық ластану, ртутьты ластану, жаңғыртылатын энергия көздері, энерготиімділік сияқты мәселелер талқылануда. Бұл проблемалардың барлығы Қазақстан үшін маңызды болып табылады. Семинардың әрбір тақырыбы бойынша жұмыс тобы құрылып, жұмыс соңында олар проблемаларды шешу бойынша өздерінің ұсыныстарын жасайды. Бүгінгі семинарда Қазақстанның 6 аймағындағы экологиялық проблемалар сарапқа түсті. Проблемалар көп және олар әртүрлі. Мысалы қалдықтарды жою, тарихи ластанған аймақтар, тазалауды қажет ететін өзендер бар. Экология саласы бойынша сіздердің мықты жақтарыңыз, сіздердің ұлттық сарапшыларыңыздың әлеуетінде болып отыр»,-деді сарапшы.
Оның сөзінше, Қазақстан үлкен ресурстары бар мемлекет, соған қарай мұнда іске асыруға болатын жұмыстар да жетерлік.
«Біз көптеген елдерді зерттеудеміз, Қазақстан ТМД мемлекеттері арасынан экология мәселесін реттеуде айтарлықтай ерекшеленіп отыр. Біз біліммен, оқумен, тәжірибемен бөлісуге дайынбыз»,-деді бюро жетекшісі.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»