- Басты
- Жаңалықтар
- С. Рахымбекова: «OnLineExpo-2017» байқауына 450 өтініш түсті
С. Рахымбекова: «OnLineExpo-2017» байқауына 450 өтініш түсті

«Байқауға «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясының серіктес ұйымдары – Астана Еуразиялық клубы мен «Жасыл экономика үшін» колициясы бастамашы болды.
Өткен жылдың қазан айында тиісті институттармен, құзырлы министрліктермен, қоғамдық ұйымдармен және бизнес өкілдерімен меморандумға қол қойылды.
«Бүгінде республикалық штаб жұмыс істейді, байқаудың мақсаты – елдің жаңашыл, ғылыми әлеуетін біріктіріп, ең үздік деген «жасыл жобаларды», технологияларды іріктеп, оларды жүзеге асыруға ықпал ету, сол арқылы «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыптық қамтылуын сапалы қамтамасыз ету болып табылады»,-деді басқарушы директор.
Бүгінде «OnLineExpo-2017» байқауына, 450-ден астам өтініш берілді. Олардың 80-ге жуығы айтарлықтай тәжірибесі бар үлгілер. «Бүгінгі байқаудың бірінші кезеңінде кемінде 20 ғалым-инноваторлардың алдыңғы қатарлы технологиялары көрсетілді, олар әлемдік нарықта бәсекелестікке түсуга толықтай қауқарлы»,-деді С.Рахымбекова.
Айта кететін мәселе, байқаудың басты мақсаты – отандық өнертапқыштарды ынталандыру, олардың өздерінің біліктіліктерін көрсетіп, жаңалықтарымен бөлісулеріне жағдай жасау. Байқау жобаларды жүзеге асыруға инвестиция салатын азаматтарды табуға ықпал етіп қана қоймай, ойлап тапқан дүниені одан әрі дамытуға да мүмкіндік береді",-деді басқарушы директор.
Бұл ретте ол байқауда жоғары технологиялық әрі кең ауқымды жобалардың қарапайым туындылармен қатар ұсынылғандығын айтты. Өйткені олардың қолжетімділігі мен қарапайымдылығына қарамастан, жобалардың әрқайсысы да қоғам үшін маңызды.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда

