ҚР-да әскердегі қылмыс саны 3 пайызға төмендеді

18 Қазан, 2013 13:15
Әскерде жасалған қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға төмендеді, ал жеке көрсеткіш бойынша 20-25 пайызға, деп Әскери полиция басқармасының бастығы, ҚР ҚК полковнигі Тимур Дандыбаев мәлімдеді.

«Біз құқық бұзушылық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, қабылданған профилактикалық шаралардың сапасын арттыруға күш салып, әскери бөлімдердегі тәрбие жұмыстарын жетілдіруіміз керек. Тек бірлескен іс-қимыл арқылы ғана біз әскерлердегі қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алатын, нәтижесінде мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қарулы Күштердің негізгі тапсырмаларын орындауғаоң  әсер ететін механизмдерді әзірлей аламыз», – деп атап өтті ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Тимур Дандыбаев.

 Дөңгелек үстел барасында Қарулы Күштердің атағына кері әсер тигізетін өзекті мәселелер талқыланды.

 

Барлық жаңалықтар