- Басты
- Жаңалықтар
- UNIDO Қазақстанның экологиясына инвестиция тартуға мүдделі - сарапшы
UNIDO Қазақстанның экологиясына инвестиция тартуға мүдделі - сарапшы

«Екі күндік семинардың мақсаты ықтимал бірлескен жобаларды, соның ішінде Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) қаржыландыратын жобаларды талқылау және ынтымақтастық орнату үшін Қазақстан аумақтарын тарту болып табылады. UNIDO (Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы) - бұл ұйым экологиялық проблемалар бойынша бүкіл әлемде жұмыс істейді. Бүгінгі сессия ел экологиясын нығайтуда өзара бірлесіп әрекет ету жолдарын анықтауы тиіс. Бұған дейін жүзеге асырылған бірқатар жобалар бар. Шараға халықаралық сарапшылар мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бизнес-қауымдастықтарының және жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысуда», - деді С.Цой.
Оның айтуынша, UNIDO Қазақстандағы экологиялық пролемалар спектрын шешуге мүдделі.
«Семинар қортындысы бойынша экология саласында жаңа жобалардың басталуы күтіліп отыр, экологиялық ахуал реттелуі және «жасыл экономиканы» одан ары жүзеге асыру үшін гранттық қаржылар түсуі мүмкін», - деді ол.
С.Цой атап өткендей, EXPO-2017 қарсаңында жаңартылған энергия (ЖЭК) көздері жылдам дамуда.
«Қазақстанда ЖЭк дамытумен айналысатындарға шекті тарифтер бекітілген. Оның үстіне бз ҚР парламенті «жасыл экономиканы» дамыту бойынша заңжобасымен жұмыс істеудеміз. Жалпы, 2020 жылға дейін )аза0станны4 энергожүйесіндегі жаңартылған энергия көздерінің үлесі 3%-ға дейін жеткізу міндеті тұр», - деп атап өтті сарапшы.
Қазақстанда ЖЭК дамытумен ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі белсенді айналысуда.
«Қазақстанда ЖЭК дамытуға жеке инвесторларда мүдделі. Олар қаржыланжыруға қызығушылық танытуда», - деді С.Цой.
Естеріңізге сала кетейік, Асанада «Жаһандық экологиялық проблемаларды жеңілдету бойынша бағдарламаларды әзірлеудің аумақтық әлеуетін нығайту» тақырыбындағы екі күндік семинар өткізілуде. Шараны ҚР Энергетика министрлігі Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы - UNIDO-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады
-
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары
-
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет
-
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция
-
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары
-
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары
-
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері

