- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова АҚШ-тың жаңадан сайланған елшісімен кездесті
Г.Әбдіқалықова АҚШ-тың жаңадан сайланған елшісімен кездесті
ҚР Мемлекеттік хатшысы АҚШ Елшісін тағайындалуымен құттықтады және жаңа лауазымы біздің елдер арасындағы жан-жақты әрі жемісті ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына мүмкіндік туғызатынына сенім білдірді.
Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының бастамасы бойынша Қазақстанда бес институционалдық реформаны жүргізу, Ұлт Жоспары - «100 нақты қадамды» іске асыру жұмыстарының басталғанын атап өтті. Қолға алынған іс-шаралар еліміздің саяси жүйесін жаңартуды және экономикамыздың орнықты өсуін қамтамасыз етіп, «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге, әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге ықпал етуі тиіс.
Кездесу барысында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытудың, толеранттық қоғамды, полиэтникалық және көпконфессионалдық құндылықтарды ілгерлетудің, әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасылды.
Бірлескен жұмыс келесі маңызды бағыттармен жүргізілуде: қауіпсіздік пен өңірлік ынтымақтастық, ядролық қаруды таратпау, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, ЭКСПО-2017, әскери және ғылыми-техникалық ынтымақтастық, құқыққорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл аясында сауда-экономикалық және инвестициялық өзара қарым-қатынасты жандандыру.
2014 жылы ҚР мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 2,4 млрд. долларды құрады. Қазақстан экономикасына салынған америкалық инвестицияның жалпы көлемі 21 млрд. АҚШ доллардан асып түсті, республикада америкалық капиталдың қатысуымен 470-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Тараптар Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылы АҚШ-қа жасаған сапары барысында қол қойылған ҚР-АҚШ ғылыми-техникалық ынтымақтастығы туралы Келісімнің негізінде білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік танытты.
Бүгінгі таңда қазақстандық жоғары оқу орындар америкалық 30-дан астам білім және ғылым орталықтарымен ынтымақтастық орнатқан. Аталған бағытта бірқатар америкалық жоғары оқу орындары, Карнеги-Меллон, Дьюка Университеті, Питсбург және Гарвард университеттерімен мтиімді қарым-қатынастар орнатқан «Назарбаев университет» АҚ-ға маңызды рөл берілуде. «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та 1840 жүлдегер білім алды, 590-нан астам стипендиант оқуларын жалғастыруда.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың стратегиялық серіктестік рухына толық сай келетін жоғары деңгейін атап өтті.
-
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр -
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Жаңадан сайланған Сенат депутаттары төсбелгілерін алды -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті -
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті -
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті -
Қ.Тоқаев аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті -
Сыртқы істер министірлігінде Қытай Елшісімен кездесу өтті -
Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті -
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті