- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан соңғы 5 жылда жыл сайын 20 млрд доллардан шетел инвестициясын тартып отырған
Қазақстан соңғы 5 жылда жыл сайын 20 млрд доллардан шетел инвестициясын тартып отырған
«Өткен жылы шетелдік инвестициялар көлемі бүкіл әлем бойынша, 8 пайызға дейін төмендеді, бұл ретте дамушы мемлекеттердегі өсім 50 пайызға жеткендігін айты кету керек. Осыған қарамастан, шетелдік инвестициялардың тұрақты өсіміне қол жеткізілді. Соңғы 5 жылда біз әр жыл сайын 20 млрд долларға жуық шетел инвестицияларын тартып келдік»,-деді комитет төрағасы.
Оның сөзінше, аталғандармен қоса 2014 жылы біз айтып отырған көрсеткіш 23,9 млрд долларды құраған. Яғни 2013 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда елге тартылған инвестициялар небәрі 100 млн долларға ғана азайған. «Соңғы 10 жылда Қазақстан 208 млрд доллар көлемінде қаржы тартты. Инвестиция салушы негізгі мемлекеттердің бестігіне Нидерланды, АҚШ, Швейцария, ҚХР, Франция кіреді»,-деді ол.
Төрағаның айтуынша, Қазақстанда соңғы жылдары инвестицияларды тарту құрылымы өзгерді.
«Баршаға мәлім, қазір энерготасымалдаушылар мен металдарға деген баға түсіп кетті, осыған байланысты өзгеріс жүріп жатыр. Яғни, біз мұнда өңдеу саласына салынатын инвестициялар көлемінің төмендеп, қайта өңдеу саласына салынатын қаржының өсіп келе жатқандығын көріп отырмыз. Өткен жылы өсім 2013 жылмен салыстырғанда 48 пайызды құрады. Бұл бірінші кезекте индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жемісі, аталмыш құжат елде қолайлы инвестициялық климат қалыптастырды»,-деді Е.Хаиров.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді