- Басты
- Жаңалықтар
- Варшавада қазақстандық-польшалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды (ФОТО)
Варшавада қазақстандық-польшалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды (ФОТО)
Мәжіліске Польшаның бұрынғы Премьер-Министрі Казимеж Марцинкевич, депутат Томаш Маковский, Парламент Сенатының заңнамалық жұмыстар комитетінің төрағасы Петр Жентарский мен ірі Польша компанияларының жетекшілері қатысты.
Мәжіліске қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі мен ұлттық экономикасын жаңғырту жағдайындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын сөз етті. Сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті нығайту мақсатында «KZ-EURO-PL» Еуразиялық палатасының аясында нақты келісімдерге қол жеткізілді. Палата құрамына машинақұрылысы саласындағы (Famur, Kopex, Pol-Mot, KGHMZanam, Unimot), аграрлық саладағы (Pronar, Arno, Ursus, Uni-Masz), құрылыс саласындағы (WaimeaHolding, Selena, Warbud, Budmat, Unibep), энергетика саласындағы (Synthos, ExaloDrilling, DuelFuel) сияқты өзге де компаниялар кіреді. Олардың жалпы саны 70 астам компанияны құрап отыр. Палата жұмысын К. Марцинкевич үйлестіретін болады.
Еуразиялық палата Қазақстанның Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қазақстандық-польшалық бірлескен «KZ-EURO-PL» ілкі жобасын жүзеге асыруға атсалысады. Еліміздің Польшадағы елшісі Ерік Өтембаевтың айтуынша, екіжақты келісім талаптары бойынша, бұл бағдарлама Қазақстанда кластерлерді дамыту бойынша инвестициялық әріптестікті және «Әл-Фараби -Коперник» халықаралық инновациялық орталық қызметін және ынтымақтастықтың екіжақты саларалық бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері