- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының әкімі ІІМ ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Қызылорда облысының әкімі ІІМ ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Сонымен қатар, кездесу барысында Қ.Көшербаев жас полиция қызметкерлеріне үлгі-өнеге көрсетіп, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге ат салысқандары үшін ішкі істер органдарының бір топ ардагерін Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Жалпы қоғамдық тәртіптің сақталу жолында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, Қызылорда облысы ішкі істер департаментінен құрметті еңбек демалысына шыққан 1436 ардагер бар. Ардагерлердің атынан ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Мылтықбай Пеисов көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Айта кетейік, соңғы екі жылда ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың көлемі 6 есеге өсті. Биылдың өзінде, қаржы тапшылығына қарамастан, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын арттыруға 1 млрд теңге қаржы бөлінді.
Өткен жылы ІІД-не 100 арнайы жабдықталған УАЗ авткөлігі беріліп, бүгінде қаладағы барлық учаскелік пункттер қызметтік көлікпен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, құқықбұзушылықтың алдын-алуын күшейту мақсатында көшелерде қосымша бейнебақылау камералары орнатылып, тек қана Қызылорда қаласының өзінде бейнебақылау камераларының саны 243-ке жетті.
Соңғы 5 айда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар - 4,7 пайызға, ал көшелерде жасалған қылмыстар 2,1 пайызға кеміді. Облыста қылмыстың алдын алу мәселесіне тұрақты көңіл бөлініп келеді. ҚР Бас прокуратурасы былтыр Қызылорда облысын еліміздегі ең қауіпсіз аймақ деп таныды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы