- Басты
- Жаңалықтар
- Канадада Астана күніне арналған іс-шара өтті (Фото)
Канадада Астана күніне арналған іс-шара өтті (Фото)
Іс-шараны аша отырып, Қазақстанның Канададағы Елшісі Константин Жигалов Елшілік тарапынан ұйымдастырылатын мәдени-гуманитарлық шарараларға асырап алынған қазақстандық балалардың қатысуы игі дәстүрге айналғанын, еліміздің дипломатиялық өкілдігі балалардың Қазақстанмен жан-жақты байланыстарына ерекше мән беретіндігін алға тартты.
Ол «Қазақстан Елшілігінің есіктері балалар мен олардың ата-аналарына әрдайым ашық», – деп атап өтті.
Шараға қатысушылардың назарына Астананы бейнелейтін фото-стенд ұсынылып, ү.ж. сәуірде Қазақстанда болып қайтқан канадалық тілшісі, кәсіби фотосуретші У. Баум Қазақстанның елордасы туралы баяндап берді. Ол жиналғандарға заманымыздың жетекші сәулетшілері жоспарлаған Астананың ультразаманауи сәулеті туралы айтып берді. Атап айтқанда, «Хан Шатырдың» таң қалдырарлық құрылысы, «Бейбітшілік және келісім сарайының» бірегейлігі, сондай-ақ «әлемнің ең әдемі опера театрларының бірі – «Астана Опера» туралы хабардар етті.
У. Баумның айтуынша, «Астанаға бір көргеннен ғашық болған». Қысқа уақыт ішінде кең дархан далада құрылған елорда канадалық журналистің ойынша, еліміздің экономикасының дамуы және жалпы мемлекеттің күшінің көрінісі болып табылады.
Балалар үшін арнайы мерекелік бағдарламалар, ойындар әзірленді. Олар арқан тарту арқылы күштерін сынады, жылдамдық пен ептілікті қаппен секіру, үрлемелі шармен жүгіру және т.б. ойындарда көрсете білді. Шараның қонақтары үшін дәстүрлі ұлттық тағамдары бар мерекелік дастархан жайылып, әрбір отбасына естелік сыйлықтар таратылды.
Қазақстаннан асырап алынған балалардың ата-аналары еліміздң дипломатиялық өкілдігіне көрсеткен сый-сияпаттарына алғыстарын білдіріп, балаларының аз уақыт болса да тарихи отандарының мәдени атмосферасына түскендерін ризалықпен атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті