- Басты
- Жаңалықтар
- «Хан Шатыр» әлемдегі ең үлкен шатыр
«Хан Шатыр» әлемдегі ең үлкен шатыр
«Хан шатыр» - Қазақстан астанасындағы ірі сауда ойын-сауық кешені. Кешен 2010 жылдың 6-шілдесінде Мемлекет басшысының қатысуымен ашылды. Ол әлемдегі ең үлкен шатыр.
Хан шатырдың жалпы көлемі 127 мың шаршы метр. Ғимаратта бөлшек-сауда және ойын-сауық кешендері бар. Олардың қатарында супермаркет, отбасылық парк, дәмханалар мен мейрамханалар, кинотеатрлар мен спорт залдары, жасанды жағажайы бар аквапарк, теңіз толқындарының бассейні, қызметтік және кеңселік ғимараттар, 700 көлікке арналған орны бар. Хан шатырдың басты ерекшелігі онда орналасқан тропикалық климаты бар жағажай демалыс орны болып табылады. Онда түрлі тропикалық өсімдіктер өсіп тұрады, ауа температурасы +35 градус. Құмды жағажай жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген, онда жүрген адамдар өздерін кәдімді табиғи жағажайда жүргендей сезінеді. Құм Мальдив аймағынан әкелінген. Ғимараттың авторы Норман Фостер.
Ғимарат биіктігі 150 метр болатын алып шатырды елестетеді. Болат ванттардан құрастырылған шатырға мөлдір полимерлі ETFE жапсырылған. Ерекше химиялық құрамның арқасында ол кешеннің ішкі кеңістігін жылдам өзгеретін температурадан қорғап, ғимараттың ішіндегі ауаны реттеп тұрады.
Хан-Шатыр Forbes Style журналының мәліметтері бойынша әлемнің үздік деген ғимараттарының ондығына кірген.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар