- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да «Сәтті қадам» жобасына қатысу үшін құжаттар қабылдана бастады (Фото)
ҚР-да «Сәтті қадам» жобасына қатысу үшін құжаттар қабылдана бастады (Фото)
Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен баспасөз мәслихатында «Жас Отан» Жастар қанатының Төрағасы Нұрлан Сыдықов айтып өтті: «Біз бұл жобаны 3 жылдан бері іске асырып келеміз.
Осы аралықта еліміздің алдыңғы қатарлы жұмыс орындарында 1000-ға жуық ЖОО-ның түлектері тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды, олардың 60-ы тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. «Сәтті қадам» жобасы жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болған жастар үшін керекті әлеуметтік саты болып табылады. «Нұр Отан» партиясы бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі. Біздің 2020 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» жастар жетістік жолы» бағдарламасында аталмыш мәселеге қатысты іске асыратын толық шаралар жинағы қарастырылған».
Ағымдағы жылы көпшіліктің сұрауы бойынша байқауға арнайы оқу орындарын тәмамдаған түлектерде қатыса алады. Бұл бағытта колледжді бітірген түлектерді қабылдауға дайын жұмыс берушілермен қосымша меморандумдарға қол қойылды.
Аталған жобаның қатысушылары еліміздің ең ірі ұлттық компаниялары: «Бәйтерек» ҰБХ», «Парасат» ҰҒТХ», «KAZNEXInvest» АҚ, «BI-Group» Холдингі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы», «Астана Innovations», «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚТЖ» АҚ мен мемлекеттік органдарында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.
Осы жылы 22-маусым мен 31-шілде аралығында «Сәтті қадам» жобасына қатысуға ниет білдірушілерге құжаттарды қабылдау бойынша жаңа кезең өткізіледі. Байқаудың талаптарынан сүрінбей өткен үміткерлер сұхбаттасуға шақырылады.
«Мен 2013 жылы оқуымды тәмамдадым. Бірден жұмыс іздеген жоқпын. «Сәтті қадам» жобасы туралы естіген бойда бағымды сынап көргім келді. Сұхбаттасу кезінде Көлік және коммуникация министрлігіне барғым келетіндігін бірден айттым. Себебі, ол менің мамандығыма сәйкес еді. Тағылымдамадан 3 ай өткеннен кейін маған сол жерде қалуды ұсынды. Қазіргі таңда мен автокөлік құралдары бөлімінің бас маманы ретінде қызмет атқарамын», - деп жобаның алғашқы түлегі Назгүл Мұздыбаева тағылымдамадан өткен кезеңін баяндап берді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді