Сенат бірқатар халықаралық заң жобаларын қарайды

22 Маусым, 2015 17:49
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары бюро отырысында бірінші оқылымда Азаматтық процессуалдық кодекс пен осы кодексті жетілдіруге бағытталған өзге де бірқатар заң жобаларын қарайды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сенаторларға қазір көптеген халықаралық құжаттарды ратификациялау қажет болып тұр. Олардың арасында Қазақстан мен Түркменстан арасындағы Каспий теңізінің түбі шектеуге қатысты, Қазақстан мен Түрменстан арасындағы шекаралық өкілдерге қатысты үкіметаралық құжат, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара көмекке қатысты заң жобасы, ТМД-ға мүше мемлекеттер Қарулы Күштерінің инженерлік әскерлері арасындағы ынтымақтастыққа қатысты, Каспий теңізінің сулы-биологиялық ресурстарын тиімді пайдалану турал, Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру нысандарын беру туралы үкіметаралық келісім сияқты өзге де бірқатар құжаттар бар.   

 

 

 

Барлық жаңалықтар