Қазақстандық сенаторлар ЕКПА-ның жыл сайынғы сессиясына қатысуда

22 Маусым, 2015 17:34
Ағымдағы жылдың 22-26 маусым аралығында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ахан Бижанов пен Владимир Бобров 2015 жылғы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы үшінші сессиясына қатысуда.

Қазақстандық депутаттар Парламенттік Ассамблеяның жұмысына ҚР Парламенті мен ЕКПА арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында қатысуда, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, Еуропа кеңесінің парламентарийлері алдында БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕО сыртқы істері мен қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы төрағасы, Еуропалық комиссияның вице-президенті Ф.Могерини, Мальта Президенті М.-Л.Колейро Прека, ЕК бас хатшысы  Т.Ягланд сөз сөйлейді.

Сессия барысында Интернеттегі кибер-террозиммен күрес, ақпарат берушілерді қорғауды жақсарту, БАҚ ашық жұмыс істеуі, жаңа еуропалық әлеуметтік үлгіні іздестіру мәселелері талқыланады.

Барлық жаңалықтар