- Басты
- Жаңалықтар
- Балқаш гарнизонында курсанттардың ұшу дайындығының деңгейі тексерілді
Балқаш гарнизонында курсанттардың ұшу дайындығының деңгейі тексерілді
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров пен Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовке курсанттар практикалық тағылымдамадан өтіп жатқан оқу авиациялық тренажеры таныстырылды.
«Біз тиісті деңгейде жас мамандарды оқып-үйретуді жүзеге асыруға, ұшу құрамын дайындауға тиіспіз. Курсанттар болашақта алған білімдерін шебер қолданып, авиациялық техниканы үздік біліп, қажет болған жағдайда жауынгерлік жағдайда сауатты қолдана алуы маңызды», - деді генерал-майор Мұхтаров.
Сонымен қатар, басшылық құрам жоғары керек-жарақты, тактика және жауынгерлік қолдану, аэродинамика және психологиялық тынығу оқу корпусына, ұшу алдындағы дайындық сыныптарына, сондай-ақ курсанттық жатақхана мен асханаға барды.
«Қазіргі уақытта бізде ұшулардың тығыз кестесі. Барлығы ұшу және инженерлік-техникалық құрам, тыл және байланыс мамандары қарқынды жұмыс жасауда, жұмыс өте көп. Біздің міндет – курсанттарды көбірек ұшыру, ұшу практикасының бүкіл бағдарламасын орындау. Институттағы дайындық жақсы, курсанттар теориялық тұрғыда дайындалған, білімдері жақсы.
Енді «ұшуды басқару» ғана қалды деп атап өтті 53898 ә/б командирі полковник Асқар Ізбасов. Осыдан кейін делегация авиациялық орталықтың жанында орналасқан ӘШҚҚ әскерлерінің бөлімшелерін тексерді, жеке құраммен кездесті, операторлар мен планшетшілердің жұмысымен танысты.
«Радиотехникалық бөлімшелер біздің республикамыздың әуе шептерін күзету бойынша тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікті атқарады. Олар еліміздің барлық аумағында шоғырландырылған, координаталарды айқындау және анықтау, ұшақтарды, тікұшақтарды, қанатты зымырандар мен өзге де әуе нысаналарын алып жүру бойынша жауынгерлік міндеттерді орындайды», - деді авиация генерал-майоыр Нұрлан Орманбетов.
Сапар мақсаты жеке құрамның жауынгерлік дағды деңгейін, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін тексеру, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 3-ші және 4-курс курсанттары дайындығының тиімділігін бағалау болғанын еске салайық.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
МКҚ: Салықтық әкiмшiлендipудi жеңiлдету, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету мәселелері -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстанда балалар арасында вирустың таралу деңгейі қандай -
Қазақстан университеттері мен колледждерінде сыбайлас жемқорлық деңгейі қандай