- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімі қалалық саябақтардағы инфрақұрылымды дамытуды тапсырды
Астана әкімі қалалық саябақтардағы инфрақұрылымды дамытуды тапсырды
«Мемлекеттік қызметшілер күні - Мемлекет басшысы айқындаған кәсіби мемлекеттік аппарат жұмысының негізгі принципі – халыққа қызмет етуді насихаттауға, мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға септігін тигізуі қажет», - деді әкім.
Мемлекет басшысы бекіткен «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен «Есіл» ауданының әкімі Сабила Мұстифина, қала әкімінің кеңесшісі Михаил Черков, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов, әкімнің көмекшісі Үмбетбай Мағзұмов, Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Назымбек Кенжебаев, қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Қайрат Көпбаев марапатталды.
Аппарат отырысы барысында елорда басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарына ерекше тоқталды. Үш айға жалғасатын көрме аумағында 3 мыңнан астам мәдени-демалыс шарасы ұйымдастырылмақ. Әкімнің айтуынша, олардың әрқайсысы халықаралық деңгейде болуы шарт. Сонымен қатар, туристер мен қала тұрғындарының демалысын түрлендіру мақсатында ірі шаралар елорданың барлық аумағында өтуі керек.
«Қазіргі кезде елордалық саябақтарға келушілер санын ұлғайтуымыз қажет, саябақтар тұрғындардың сүйікті демалыс орындарына айналуы тиіс. Ол үшін инфрақұрылымды жақсартып, шараларды көптеп өткізу керек», - деді қала басшысы.
Ә. Жақсыбековтың айтуынша, қазақстандықтардың көрмеге келуі мен қатысуын арттыру мақсатында аймақтармен бірлесе қызмет ету керек.
«Аймақтағы мектеп оқушылары мен студенттер үшін ЭКСПО аумағында эксркурсиялар өткізу мәселесін қарастыру қажет. Бір сөзбен айтқанда, барлық қалалық құрылымдар туристер мен астаналықтардың көрмеге қатысуын, сондай-ақ, қалалық саябақтар мен демалыс орындары насихаттауды қамтамасыз етуі керек», - деп түйіндеді әкім.
-
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады