- Басты
- Жаңалықтар
- Сан-Карло театры романтикалық «Жизельді» Астана күніне орай ұсынады
Сан-Карло театры романтикалық «Жизельді» Астана күніне орай ұсынады
Жизель партиясын орындайтын прима балерина Иоланда Корреа тамаша техникасымен әйгілі, оның билеу мәнерінде мін жоқ, оған керемет үйлесімділік – сахнада жарқырап, жеңіл, әсем әрі сенімді қимылдау, музыкаға деген жоғары қабілет тән. Оның серігі Йоэль Карреньо ханзада Альберттің рөлін сомдайды. Кубалық биші қайталанбас дара әртістік қабілетімен және сахнаға сай тамаша дене бітімімен еліктіреді. Ол күрделі қимылдарды асқан шеберлікпен, таза орындауды, би қимылын мәнерлі әдіске сала білуді меңгерген.
60 адамнан тұратын неаполитандық театрдың балет труппасы «Жизель» балетін КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Людмила Семеняканың редакциясында ұсынады. Үлкен театрдың примасы Жизель партиясын дүние жүзінде ең үздік орындайтындардың бірі болғанын еске салайық.
Сюжетке, аңызға айналған қыздар-виллисалар – тойға дейін көз жұмған, алданған қалыңдықтар негіз болған. Олар өмір бақи орман кезіп, түнгі жолаушыларды еліктіріп, әлсіреп өлгенше биге шыр айналдыруға мәжбүр. «Гүлмен әрленген некеқияр көйлектерін киіп... айдың жарығында тоқтаусыз билейтін виллисалар билеуге берілген уақыт аяқталуға жақын қалғанын сезген сайын құмарлана әрі жылдамырақ билей түседі, сосын олар мұздай суық мүрделеріне қайта оралады...» (Г. Гейне).
Жизель есімді ауыл қызы Альбертке – шаруа болып киінген ақсүйекке ғашық болады. Жизель жігіт те оны сүйетініне берік сенімді. Альберттің қалыңдығы бар екенінен ол әлі хабарсыз. Көп ұзамай шындық ашылады. Жизель құсадан көз жұмады. О дүниелік болса да, ол өзін сатып кеткен күйеужігітті сүйіп өтеді. Ар-ұяты қинаған Альберт түн ішінде оның қабіріне келгенде, қыз оны виллисалардан құтқарады.
Аталған гастроль бір жыл бұрын қол қойылған қос театрдың Серіктестігі жөніндегі меморандум шеңберінде жүзеге асқан алғашқы жоба екенін атап өтейік.
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Жаңа театр ғимаратындағы - жаңа премьера -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай